БҚО-да бір жасар сәби сәбізге қақалып қайтыс болды

Қайғылы оқиға екінші қаңтарда болған.

Фото ашық көзден

Теректі аудандық ауруханасынан түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні аудан орталығы Теректі ауылында болған. Сағат 13:20-да 1 жас 7 айлық сәби Теректі аудандық ауруханасының қабылдау бөлмесіне жеткізілген. Онда тіршілік белгілері болмаған. Кезекші дәрігер мен медицина қызметкерлерінің жедел жансақтау шараларын жүргізгеніне қарамастан, жарты сағаттан кейін, 13:50-де биологиялық өлім тіркелді.

«Анасының сөзіне қарағанда, үйінде ойнап жүрген ұл бала шикі сәбіз жеген. Қатты жөтелгенін естігеннен кейін оған жүгіріп жеткен анасы көмектеспек болып, арқасынан қаққан. Сәбіздің бір бөлігі шыққанымен, бала көгеріп, тыныс алуы қиындап кеткен. Жедел жәрдем шақырып, баланы көтеріп көшеге шығып, өтіп бара жатқан автокөлікпен ауруханаға әкелген. Баланы қараған кезде ол демалмаған, басқа да тіршілік белгісі болмаған. Барлық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін полицияға хабарланған. Баланың мүрдесі учаскелік дәрігер мен полиция қызметкерінің қатысуымен сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сот-медициналық сараптама жүргізген маман баланың тұншығып қайтқаны, тыныс алу жолдарының бөгде затпен (сәбізбен) бітеліп қалғаны жөнінде анықтама берді», – деп хабарлады ауруханадан.

Оқиғаны БҚО денсаулық сақтау басқармасы растап, Теректі ауданы бойынша 1,7 жасар баланың өлімі тіркелгенін жеткізді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

2 × 4 =

x
2023-03-28
Утром10.63 ℃
Днем11.31 ℃
Вечером11.02 ℃
Ночью7.15 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.71 м/с
2023-03-29
Утром3.9 ℃
Днем11.38 ℃
Вечером15.27 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность60 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра8.2 м/с