Қазақстанда киіктерді атуға салынған тыйым 2024 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанның бүкіл территориясындағы киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға енгізілген мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды.

Фото ашық көзден

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының аумағында киіктердің дүниежүзілік популяциясының 90 пайыздан астамы мекендейді.

«Аталмыш жануарлардың санының азаюына байланысты (2003 жылы 21 мың басты құрады) ҚР Үкіметі оларды қорғау бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылдады, оның ішінде киіктерді пайдалануға мораторий енгізілді», делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың арқасында бүгінгі күні киік саны 1,3 млн басқа (төлдеу кезеңіне дейін) жетіп отыр, айта кету керек, олардың оңтайлы саны 700-800 мыңды құрайды.

Бұл ретте, ауыл шаруашылығы жануарлары мен киіктердің арасында жайылымдар мен суаратын жерлер үшін бәсекелестік күшейді, киіктердің егін таптау жағдайлары жиіледі.

Осыған байланысты, министрлік 2023 жылы киік популяциясын басқару жөніндегі биологиялық негіздеме аясында оларды ғылыми зерттеуді жоспарлады, оның барысында мынадай мәселелер зерделенетін болады:

1) киік популяцияларының даму болжамы;

2) киіктердің ареалы мен көші-қон жолдарын нақтылау;

3) киіктердің азықтық базасын зерделеу;

4) ауыл шаруашылығымен бәсекелестікті төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу.

«Осыған байланысты, ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ғылыми-зерттеу жұмыстары кезеңінде 2022 жылғы 28 желтоқсандағы бұйрықпен Республиканың бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға мораторийді ғылыми негіздемеге сәйкес 2024 жылға дейін ұзартты», деп хабарлады ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-06
Утром-1.35 ℃
Днем10.99 ℃
Вечером12.04 ℃
Ночью10.34 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра4.64 м/с
2026-10-07
Утром9.46 ℃
Днем16.81 ℃
Вечером16.11 ℃
Ночью13.46 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.06 м/с