04.01.2023 в 16:54 512

Бүгінгі күн суреті Ел

Бүгін “Қасіретті Қаңтар оқиғасына” тура 1 жыл

Бүгін “Қасіретті Қаңтар оқиғасына” тура 1 жыл. Былтыр 4-қаңтар күні қазақ қоғамын дір сілкіндірген, қара жамылдырып, билікке сынақ болған айрықша жағдай орын алды. Тәуелсіздік бесігі саналатын Алматы қаласы шаһар тарихында болмаған бүліншіліктің астында қалды.

Фото ашық көзден

Құрбан болған бейкүнә сәбилер, баласынан айырылған аналар, әкесінен айырылған балалар. Халықтың үнін билікке жеткіземіз деп бейбіт шеруге шыққан жандардың оққа ұшуы, тергеуге алынып, қамалып, бетіне үтік басылып, азапталуы…

Наразылық Жаңаөзеннен басталып, кейін бірнеше аймақта жалғасын тапты. Ең сорақысы — шеру Алматыда да орын алып, қала түгелдей қара жамылды. Қала қирады, әкімдік ғимараты өртенді, дүкендер тоналды.

Наразылық шеруі 1-қаңтардан басталып, 4-қаңтар күні нағыз шиелініске айналды. Бүкіл Қазақстан бойынша митингілерге қатысушылар саны күрт артып, 37 мыңға жетті. Атырау облысында Теңізшевройл компаниясының жұмысшылары жұмысын доғарып, өнім шетелге әкетілмеуі үшін автотрасса мен теміржолды жапты. Атырау, Ақтөбе облыстарында өзге кен орындарын да ереуілдер толқыны басты. Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» шахтерлары, металлургтар, Жезқазғандағы «Қазақмыс» кеншілері, мыс балқытушылар ереуілдерін бастады. 4–5 қаңтарда отандық өндіріс ошақтары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, түсті, қара металлургия өндірісінің беткеұстар ошақтарын наразылық шаралары жайлады.

Нәтижесінде Жаңаөзенде басталған наразылықтан соң, газ бағасы 50 теңгеге түсті. Бірқатар билік өкілдері қызметінен босатылып, кейбірінің үстінен осы уақытқа дейін қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Бұрынғы Президенттің заңсыз байыған бірқатар туысқандары, достары қамауға алынды, алды сотталды. Ал жаңа Президенттің жақын туыстарына жоғары лауазымдарды иеленуге тыйым салынды. Оның да билікті жеке-дара иеленуіне тосқауыл қойылды.

Алайда орны толмас қазаға алып келді. 235-ке жуық адам қаза тауып, 1 249 тұлға сотталды. 2022 жылы халықты есеңгіретіп, билікті шошытқан 1 аптаға созылған оқиға естен кетпесі анық. Алда өткеннің қателігін қайталамау үшін қадамымызды нық басуымыз керек!

Дереккөзі: Аdyrna.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-15
Утром-12.59 ℃
Днем-13.17 ℃
Вечером-14.85 ℃
Ночью-17.01 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра7.92 м/с
2026-01-16
Утром-15.45 ℃
Днем-12.67 ℃
Вечером-13.14 ℃
Ночью-14.44 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.75 м/с