Оралдық кәсіпкерді қатыгездікпен өлтірген екеудің ісі сотқа жолданды

Оралда кісі қолынан қаза тапқан кәсіпкерге қатысты іс бес айдан соң сотқа жіберілді.

Фото 2022 жылғы 8 тамыз, дүйсенбі күні Қожантаев пен Амангелді ұсталу сәті. «ОА» мұрағатынан

Кәсіпкер Еркін Мұқанғалиев өткен жылы 6 тамызда көз жұмды. Оның денесі көптеген пышақ жарақатымен П. Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылған болатын.

Кәсіпкер мен тағы екі адамның кафеде отырғаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Олардың арасында жанжал болып, еркектердің бірі Еркін Мұқанғалиевке пышақ жұмсаған. Кәсіпкер қылмыскерлерден қашуға тырысады, алайда олар Мұханғалиевті қуып жеткен.

Полиция екі күдіктіге – 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіге іздеу жариялады. Алдын ала мәлімет боынша қайғылы оқиғаға кәсіпкердің жұмысшы ақысын бермеуі себеп болуы мүмкін.

Күдіктілер 8 тамызда «Көктем» саяжайында ұсталды. Олар полицияға еш қарсылық көрсетпестен берілген.

Қылмысты іс ішкі істер министрлігінің бақылауында болған. Күдіктілерге 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза кесілуі мүмкін.

Процесс басталғанға дейін журналистерге фотосуреттер мен бейнелер түсіруге тыйым салынды. Суретте: Тұрлан Амангелді, оны санкция жарияланғаннан кейін айдауыл алып кетеді. 11 тамыз 2022 жыл. «ОА» мұрағатынан

Қылмыстық іс бес ай тергеліп, 30 желтоқсанда сотқа берілді. Ол судья Шара Зайнуллинаның төрағалығымен мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта қаралады. Соттағы алдын ала тыңдау күні әлі белгіленген жоқ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-06
Утром-8.96 ℃
Днем-5.19 ℃
Вечером-4.99 ℃
Ночью-7.58 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра6.35 м/с
2025-02-07
Утром-10.59 ℃
Днем-7.78 ℃
Вечером-9.59 ℃
Ночью-10.68 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра5.6 м/с