Тоқаев Үкіметте бірқатар ауыс-түйіс жасады
Асхат Аймағамбетовтың орнына Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметте жаңа министрлерді тағайындады.
- Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – ҚР премьер-министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы;
- Зүлфия Болатқызы Сүлейменова – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі;
- Ғани Бектайұлы Бейсембаев – ҚР Оқу-ағарту министрі;
- Марат Кәрімжанұлы Қарабаев – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
- Асхат Оралов ҚР Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды;
- Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымына тағайындалды.
