Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушы Кәрім Мәсімов пе? Бас прокурор жауап берді

Берік Асылов ҰҚК бұрынғы басшыларына қатысты іс «аса құпия» режимінде тергелгенін еске салды.

Фото ашық көзден

Бас прокурор Берік Асылов мәжіліс отырысында жасаған баяндамасында қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары мемлекетке опасыздық жасау, билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер, лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша сотқа берілгенін айтты.

Отырыстан кейін журналистер Бас прокурордан «Мәсімов басты ұйымдастырушы деп айта аласыз ба?», – деп сұрады.

«Солай деуге де болады», – деп жауап берді Бас прокурор.

Берік Асылов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты іс «аса құпия» режимінде тергелгенін еске салды.

– Қаңтар оқиғасында адамдардың басы кесілгені туралы ақпарат шықты. Бұл шын ба?

– Қаңтар оқиғасы 4 қаңтардан 5 қаңтарға қараған түні басталды. Әртүрлі ақпарат тарады, жалған ақпарат та болды. Сегіз қалада көптеген нысан өртеніп, әкімдіктер өртеніп жатты, әртүрлі дереккөздерден түрлі хабарлама, соның ішінде дұрыс емес ақпарат түсті. Сондықтан біз кесілген бас нұсқасын тексердік. Бірақ ондай факті таппадық.

– 20 мың террорист болды ма, жоқ па?

– Түрлі ақпарат түсіп жатты. Соның ішінде бұл да бар. Сол кезде қылмыскерлердің әрекетінен шынымен де солай көрінді. Түрлі ақпарат болды. Соның ішінде азаматтардан да шетел қылмыскерлері туралы, оның ішінде шет тілінде – қырғыз, өзбек, әртүрлі тілдерде сөйлейтіні жөнінде де ақпарат болды. Содан қоғамға шынымен де шабуыл жасаушылардың барлығы лаңкестер сияқты көрінді. Мен сізге айтайын, террористік акт жасаған адамдардың барлығы террорист болып саналады. Оған сақал қойып, автоматпен жүгіру шарт емес. Тіпті тергеу жүргізіп жатқанда көптеген құқық қорғау органдары да менен «Бұл лаңкестер қайда?» деп сұрады. Қоғамда да осындай сұрақ пайда болды. Бірден айта кетейін, лаңкестер өздерін террорист деп ресми түрде жариялаған жоқ. Олардың қиратып-өртенгенін, әкімдікті алғанын – барлық әрекетін террористік акт деп есептейміз және террорист деп санаймыз.

– Бұл туралы президент айтты. Сіз оларды қалай санадыңыз? Бұл деректер президентке берілді ме?

– Жеке мен санамадым. Мұны қайдан алдыңыз?

– Президентке кім ақпарат берді?

– (Бас прокурор бұл сауалға жауап берген жоқ).

Дереккөзі: Іnformburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-12
Утром13.88 ℃
Днем26.14 ℃
Вечером24.82 ℃
Ночью17.7 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.94 м/с
2024-09-13
Утром12.96 ℃
Днем23.31 ℃
Вечером23.63 ℃
Ночью17.3 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра7.05 м/с