Қазақстан үкіметі: жаңа құрам

Министрлер кабинеті алты жаңа есіммен толықты, қалған министрлер өз орнында қалды. Сәрсенбі, 4 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықтарға қол қойды.

Sputnik Қазақстан инфографикасы

Премьер-министр Әлихан Смайылов басқаратын үкіметтің құрамы жаңарды.

Министрлер кабинеті алты жаңа есіммен толықты, қалған министрлер өз орнында қалды. Сәрсенбі, 4 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықтарға қол қойды.

Жаңа есімдер

Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Ол әр жылдары Қазақстанның Литвадағы, Латвиядағы, Эстониядағы, Финляндиядағы елшісі, сыртқы істер министрінің орынбасары болды. Жаңа қызметке дейінгі лауазымы – премьер-министр кеңсесінің басшысы.

Зүлфия Сүлейменова Серікқали Брекешевтің орнына келді. Ол қайта құрылған Экология және табиғи ресурстар министрлігінің министрі болып тағайындалды.

Сүлейменова енді үкіметтегі ең жас министр. Оның сұхбатынан ет жемейтіні, хайуанаттар бағына бармайтыны, мұхит түбінен және жағажайлардағы қоқыстан жиналған пластиктен жасалған экологиялық таза аяқ киім киетіні белгілі болды.

Геология саласындағы функциялар мен өкілеттіктер индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді. Бұл министрлікті Қайырбек Өскенбаевтың орнына келген 35 жастағы «Болашақ» түлегі Марат Қарабаев басқарды. Қарабаев соңғы бір жарым жылда индустрия вице-министрі қызметін атқарды.

Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. PhD докторы, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының корреспондент мүшесі (Ресей). 2022 жылдан бастап білім және ғылым вице-министрі, кейін оқу-ағарту вице-министрі болды.

Бұған дейін ведомство басшысы қызметін Асхат Аймағамбетов атқарған, ол президент жарлығымен қызметінен босатылды.

1990 жылы туған Асхат Оралов мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды, бұған дейін ол «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарған. Ол бұл қызметте Дәурен Абаевтың орнына келді.

43 жастағы Азамат Есқараев әділет министрі болып тағайындалды, бұған дейін бұл қызметті Қанат Мусин атқарды. Есқараев бұған дейін үш жыл бойы Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі болған.

Дереккөзі: sputnik.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-18
Утром19.94 ℃
Днем28.78 ℃
Вечером31 ℃
Ночью26.1 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.04 м/с
2025-07-19
Утром17.17 ℃
Днем25.19 ℃
Вечером26.78 ℃
Ночью18.79 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.33 м/с