БҚО санитарлық дәрігерлері өнім сынамаларында 252 сәйкессіздікті анықтады

Көптеген сәйкессіздіктер импорттық өнімдерден шыққан.

Облыс санитарлық дәрігерлері 2022 жылы сауда нысандарында өткізілген өнім қауіпсіздігінің мониторингін қорытындылады.

Батыс Қазақстан облысында 2022 жылы сауда объектілерінде өнім қауіпсіздігіне жүргізілген мониторингтің қорытындысы шығарылды. Өнім қауіпсіздігіне мониторинг жасаудың мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді әкелуді, өндіруді, қолдануды және өткізуді анықтау, алдын алу және жолын кесу болып табылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін мамандар тамақ және тамаққа жатпайтын өнімдердің 2184 сынамасын алды. Сәйкессіздік 252 сынамада анықталды, бұл барлық зерттелген өнімнің 11,5% -ын құрады.

Батыс Қазақстан облысының ішкі нарығында айналысқа шығарылған сәйкес келмейтін өнімнің ең көп пайызы импорттық өнімнің үлесіне тиесілі (90%), отандық өндірушілердің өнімі 10%-ды құрады.

Техникалық регламенттер талаптарының негізгі бұзушылықтары өндірушілердің таңбалау қағидаларын бұзуы болып табылады (230 бұзушылық), бұл барлық анықталған бұзушылықтардың 91,2%-ын құрады. Сонымен қатар, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша – 10 сәйкессіздік, физика-химиялық көрсеткіштер бойынша – 8 сәйкессіздік, ал 4 сынамада өнімді фальсификациялау анықталды.

Өткізушілерге, жеткізушілерге, импорттаушыларға және өндірушілерге қатысты анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 91 ұйғарым жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып берілді. Сондай-ақ, өндірушілерге халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтау фактісі туралы 19 хабарлама берілді.

Еске сала кетейік, тұтынушыларды ақпараттандыру мақсатында ай сайын ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында өнім қауіпсіздігінің мониторингі барысында анықталған сәйкес келмейтін өнімдер тізілімі орналастырылады. Тұтынушылар өнімдер туралы ақпаратқа ие бола отырып, олардың денсаулығына қатер төндіретін барлық қауіптерді жоққа шығарып, дұрыс таңдау жасай алады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

19 + six =

x
2023-12-11
Утром-15.13 ℃
Днем-15.89 ℃
Вечером-13.55 ℃
Ночью-15.42 ℃
Влажность65 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра6.99 м/с
2023-12-12
Утром-18.47 ℃
Днем-16.89 ℃
Вечером-15.83 ℃
Ночью-15.38 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1050
Скорость ветра8.69 м/с