Қақаған аяз: Дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына уақытша тыйым салынбақ

«ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ жүргізушілер мен жолаушыларға үндеу тастады. Компания синоптиктер болжамына сүйене отырып, осы аптада Қазақстан аумағында қатты аяз жүретіні күтілетінін еске салады.

Көрнекі сурет

Хабарламада метеорологтар сынап бағаны 30 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болатынын болжайтыны айтылған.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-тың Telegram арнасында келтірілген деректерге сәйкес, ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан автокөліктің отын жүйесінің қатып қалу қаупі жоғары.

«Республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылардың назарына

Синоптиктердің болжамына сәйкес алдағы аптада елімізде қатты аяз болып, ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Ауа температурасының төмендеуіне орай дизельмен жүретін көліктердің отын жүйесінің қатып қалуы әбден мүмкін. Осыған орай республикалық маңыздағы күре жолдарда штаттан тыс жағдайларды болдырмау үшін Ұлттық оператор бірқатар өңірде дизельмен жүретін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізбек.

Республикалық автожолдарды пайдаланушыларды алыс сапарға шықпауға және ауа райы болжамын жіті бақылап отыруға шақырамыз.

Күре жолдардағы ахуалды 1403 байланыс орталығына қоңырау шалып, білуге болады, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол «ҰК»АҚ.

Айта кетсек, алдында синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 10-12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын, оған сәйке еліміздің басым бөлігінде қатты аяз сақталады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

nine − two =

x
2023-12-10
Утром-11.55 ℃
Днем-10.65 ℃
Вечером-10.83 ℃
Ночью-11.51 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра6.42 м/с
2023-12-11
Утром-13.5 ℃
Днем-12.3 ℃
Вечером-13.65 ℃
Ночью-16.23 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра7.3 м/с