Қазақстанда 10 мыңнан астам адам іздестіріліп жатыр
Олардың арасында адам өлтіру үшін іздестіру салынған 148 адам бар.

Қазақстанда 10 831 адам іздестіріліп жатыр. Олардың 2 119-ы – хабар-ошарсыз жоғалғандар. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті хабарлады.
Хабар-ошарсыз жоғалғандардың көп бөлігі Алматы қаласында (276), Қарағанды (218) және Алматы (160) облыстарында тіркелген. Ең жиі жоғалатындар – 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар (77%).
- Үйінен шығып, қайта оралмаған адам саны – 1 601;
- Автокөлікпен жоғалғандар – 74;
- Жұмыстан шыққандар – 36 адам.
Сондай-ақ, Қазақстанда тергеуден және соттан жасырынған 2 428 адам іздестіруде жүр. Көпшілігі – 31-ден 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%). Олардың басым бөлігі келесі өңірлерде тіркелген:
- Алматы – 501;
- Астана – 172;
- Шымкент – 146;
- Қарағанды облысы – 150.
Алаяқтық үшін 514 адамға, ұрлық үшін 303 адамға және адам өлтіру үшін 148 адамға іздеу салынған.
Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асырады. Барлық іздестіру істерінің тіркелуін, сондай-ақ мемлекетаралық ақпараттық банкі деректерінің өзара іс-қимылын ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүзеге асырады.