Улы газ – жану өнімдерінің ең улы компоненттерінің бірі
Улы газбен улану – адамды кейде өлімге әкелетін қиын жағдайларының бірі. Көмірқышқыл газының иісі де, түсі де, дәмі де жоқ, олармен улану мүлдем байқалмауы мүмкін, ал ол жану процесі бар бүкіл жерде, тіпті пеште де пайда болады. Өкінішке орай, адамдар көбінесе оның құрбанына айналады, деп хабарлайды БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы.
Бұл газ адам қанына оттегіден де 200 есе тез келіп түседі. Арнайы зерттеулер анықтағандай, көміртек қышқылы оттегіден басып озып ағзаға бірінші түседі. Ол әлдеқайда жеңіл әрі гемоглабинмен белсенді байланысқа ие, нәтижесінде өмірлік маңызды органдарға-миға, өкпеге және жүрекке оттегі жіберу қабілетін жоғалтады. Оттегі жетпеу себебінен адам тұншыға бастайды. Мұндай жетіспеушіліктер табиғи газбен улану кезінде де газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалану барысында орын алады.
Қайғылы салдардың алдын алу үшін үнемі сақ боп жүріңіз және келесі қарапайым ережелерді сақтаңыз:
– үйге (пәтерге, саяжайға) өздігінен газ тартуға, газ жабдығын орнатуға, газ құралдары мен тығын арматурасын ауыстыруға және жөндеуге тыйым салынады – мұндай жұмыстарды білікті мамандар ғана нормалар мен ережелерге сәйкес жүргізе алады;
– жанып тұрған пешті қараусыз қалдыру немесе оларды бақылауды балаларға сеніп тапсыру өте қауіпті;
– жеке үйлерде қыс мезгілінде мұржаның қатып қалуын жою үшін оны жылыту қажет;
– мұржаларды кірпішпен төсеуге, сондай-ақ мұржадағы ысырмаларды жабуға қатаң тыйым салынады;
– мұржаның бас жағына құс кіріп кетпейтіндей, сондай-ақ жауын-шашын тамбауын орайластырылып жасалуы тиіс;
– газдандырылған пештер мен мұржалардың қалауы, сылағының тығыздығы өзгерген (жарықтар пайда болғанда) кезде пайдалануға болмайды;
– тұрғын үй бөлмелерінде өздігінен қолдан жасалған пештерді немесе өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін пештерді қолдануға тыйым салынады;
– газ бен газ аспаптарын мақсатынан тыс пайдалануға жол берілмейді.
Жоғарыда аталған ұсыныстарды сақтаған жағдайда Сіздер тұншықтырғыш газбен улану мүмкіндігін болдырмайсыздар.