12 қаңтардан бастап шетелдік көлікті сақтандыруға тыйым салынады

Бөтен елде тіркелген машинаға тек басқа елдің азаматы полис рәсімдей алады.

Ал транзиттік нөмір таққан көліктерді бұрынғыдай 10 күнге дейін сақтандырады.

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, ол биыл 12 қаңтарда күшіне енеді. Онда басқа нормалармен қатар көлік иелерін міндетті сақтандыру және «Жол жүрісі туралы» заңдарға енген өзгерістер бар.

12 қаңтардан бастап сақтандыру туралы заңның 10-бабы 5.2-бөліммен толығады. Онда былай жазылған:

«Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті орган бөлімдерінде тіркелген көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық қозғалыста жүрмеген көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы келісімшарт жасауына рұқсат берілмейді».

«Жол жүрісі туралы» заңға да өзгеріс еніп, ол бойынша шетел азаматы немесе біздің елде азаматтығы жоқ кісі жүргізетін, Қазақстаннан тыс жерде тұратын тұлғаға тиесілі, елімізде тіркелмеген және уақытша кірген автомобиль халықаралық қозғалыстағы көлік деп танылатын болады.

Мұндай машина бір жылға дейін біздің елде еркін жүре алады, одан кейін 30 күнге елден шығару қажет.

Осылайша, 2023 жылдың 12 қаңтарынан бастап сақтандыру полисін алу үшін машина Қазақстанда есепте тұруға, яки шетелдіктің не азаматтығы жоқ тұлғаның меншігінде болуға тиіс. Қазақстан азаматтары бөтен елде тіркелген машинаны сақтандыра алмайды, сәйкесінше, бір-біріне сақтандыру арқылы сата да алмайды.

Ал транзиттік нөмір таққан көліктерді бұрынғыдай 10 күнге дейін сақтандырады.

Дереккөзі: kolesa.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

2 × 3 =

x
2023-11-30
Утром-0.81 ℃
Днем1.44 ℃
Вечером-0.36 ℃
Ночью0.58 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.08 м/с
2023-12-01
Утром1.59 ℃
Днем1.75 ℃
Вечером-2.45 ℃
Ночью-1.74 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра6.64 м/с