Орал қаласында екі адам газдан уланған
Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Оқиға 10 қаңтарда Самал шағынауданындағы екі қабатты жеке үйде болды. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзғандықтан, үй иелері көміртегі тотығымен уланған. Үйдің пеші табиғи газдан жұмыс істеген. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы ер адамның реанимацияда екенін хабарлады, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалайды. Әйел жалпы терапия бөліміне ауыстырылды, жағдайы тұрақты.


ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: Улы газ — жану өнімдерінің ең улы компоненттерінің бірі
