Биыл 1 млн адам жұмысқа орналасады

Биыл елімізде шамамен 1 млн адам жұмысқа орналасады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Көрнекі сурет

Тамара Дүйсенова министрліктің 2023-2027жылдарға арналған даму жоспары туралы баяндады.

Қазіргі геосаяси жағдай, жастардың едәуір ағыны, күтілетін жұмыстан босату және жаңа жұмыс орындарының аз генерациясы ұлттық еңбек нарығының негізгі сын-қатерлері және халықтың нақты табысына әсер ететін факторлар. Сондықтан министрлік жұмысының осы бағытының басты мақсаты отбасының кемінде бір мүшесін ресми жұмыспен қамтамасыз ету және оның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысуы болып айқындалды. Негізгі нәтиже жыл ішінде жастарды, жұмыспен қамтылмаған азаматтарды және мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда шамамен 1 млн адамды жұмысқа орналастыру, – деді министрлік басшысы.

Дүйсенова Отбасының цифрлық картасынан алынған деректер негізінде келесідей негізгі нысаналы контингент қалыптастырылатынын хабарлады:

– екі және одан да көп жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасылар;

– жұмыс істемейтін жастар; денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істеуге қабілетті мүгедектігі бар адамдар.

Оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын ұсынатын SMS-хабарламалар жіберіледі. Шараға қатысуға келісім берген азаматтардың ішінен өңірлерде жұмысқа орналасатын адамдардың тізілімі қалыптастырылады, – дейді ол.

Сөзінше, жергілікті атқарушы органдар 15 қаңтарға дейін осы контингентпен жұмыс істеуге бағдарланған өңірлік жұмыспен қамту карталарын бекітеді.

Жалпы республика бойынша биыл салалық тұжырымдамалар мен ұлттық жобалар аясында 75 мыңға жуық жұмыс орнын, қаржыландыру көлемі 131 млрд теңгені құрайтын мемлекет субсидиялайтын 150 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

780 мың адамды жеке бастамалар шеңберінде және жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарына орналастыру жоспарда бар. Құрылатын жұмыс орындарының жалпы санының шамамен 20%-ы жастар мен мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға бағытталады. 6 мың жас азаматқа 5 жылға жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын 5 млн теңгеге дейінгі жеңілдікті микрокредиттер беріледі. Ерекше қажеттіліктері бар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға 1,2 млн теңге мөлшерінде 9 мың грант беріледі, – деп атап өтті ведомство басшысы кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуына қарағанда, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар үшін «Күміс жас» жобасын іске асыру жалғаса береді. Жоба аясында жыл сайын кемінде 15 мың адам жұмыспен қамтылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-22
Утром20.14 ℃
Днем31.03 ℃
Вечером30.99 ℃
Ночью24.37 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра8.05 м/с
2024-07-23
Утром16.06 ℃
Днем25.71 ℃
Вечером25.26 ℃
Ночью20.7 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра6.39 м/с