Үкімет дүкен салғысы келетін кәсіпкерлерге субсидия беруді жоспарлап отыр

Мұндағы мақсат – дүкендегі тауар бағасының қымбат болуына жол бермеу.

Фото ашық көзден

Үкімет облыс орталықтары мен моноқалаларда заманауи сауда орталықтары мен көпфункционалды сауда кешендерін салуға не жаңғыртуға ниетті кәсіпкерлерге мемлекеттік субсидия беруді көздеп отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкіметтің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысына енгізілуі тиіс өзгертулердің жобасынан белгілі болды. Алайда, бұл санатқа сауда-ойын-сауық орталықтары жатпайды.

Жоба бойынша, салынатын не жаңғыртылатын сауда орталықтары бірқатар талаптарға сай келуі шарт:

  • сауда алаңының аумағы кемінде мың шаршы метр болуы керек;
  • дүкен көтерме емес, бөлшек саудамен айналысуы тиіс;
  • сауда алаңында азық-түлік, оның ішінде әлеуметтік азық-түлік сататын орындар, сондай-ақ әкімшілік-тұрмыстық, қойма бөлмелері болуы тиіс.

Құжат жобасының иесі – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің түсіндіруінше, Қазақстанда заманауи форматтағы сауда алаңдары тапшы. Оған қоса, сауда алаңдарын сатып алу және жалдау құны да өте жоғары. Бұл факторлардың бәрі дүкендердегі тауар бағасының қымбаттауына әкеліп отыр. Осыған орай, Үкімет жоғарыда аталған талаптарға сай келетін сауда орталықтарын салуға ниетті кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау арқылы дүкендегі баға мәселесін реттемек.

Айта кетейік, мемлекеттік субсидиялау 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асырылмақ.

Қаулыға енгізілетін өзгертулер жобасы 26 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-10-15
Утром-0.14 ℃
Днем10.02 ℃
Вечером7.15 ℃
Ночью4.87 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.66 м/с
2024-10-16
Утром2.88 ℃
Днем8.97 ℃
Вечером7.48 ℃
Ночью6.83 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.04 м/с