«Бізден жиі ақша талап етеді». БҚО-да балабақша меңгерушісі тәрбиешілерден заңсыз ақша алған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылының «Балдәурен» балабақшасының бір топ қызметкері меңгеруші Манзия Халимуллина лауазымын асыра пайдаланып, үнемі заңсыз ақша талап ететінін айтып шағымданды. Тәрбиешілердің айтуынша, меңгеруші балабақшада ойына келгенін істеп отыр.

Балабақша меңгерушісі Манзия Халимуллина

Балабақша тәрбиешілері шағымдарын айту үшін Жалпақтал ауылындағы кинотетарда жиналды. Олар балабақша ішінде қандай да бір пікір білдіруге меңгеруші Манзия Халимуллина рұқсат етпей кедергі келтіретінін, сол себепті кинотеатрда жиналуға мәжбүр екендерін айтты.

– Манзия Халимуллинаның бізден заңсыз ақша алып келе жатқанына біраз жыл болды. Шыны керек, жұмысымыздан айырылып қаламыз ба деген қорқынышпен сұрағанын беріп, осы күнге дейін үндемей келдік. Бірақ енді шыдамымыз таусылды,- дейді тәрбиешілер.

Тәрбиеші Ақтоты Мұханғалиева дәрігерге қаралатын болып, бір күнге жұмыстан сұранғанын, бірақ балабақша меңгерушісі жұмыста болмаған күніне ақша сұрағанын айтады.

– 8000 мың теңге сұрады. Қолма-қол апарып бердім,- дейді Ақтоты.

Ақша берген тек Ақтоты ғана емес, Дана есімді тәрбиеші де меңгеруші Манзия Халимуллинаға сұраған ақшасын беруге мәжбүр болдым деп отыр.

– Інім үйленетін болып, үш күнге ақысыз еңбек демалысына шығуға – өтініш жазу үшін Манзия Халимуллинаға барғам. Ол кісі «жазбай-ақ қой, жүре бер, үш күндік ақшаны санап бер» деді. Амал жоқ, келгеннен соң, ақшаны бердім. Осыған дейін де бір рет менен ақша талап еткен болатын,- дейді Дана Дарвинова.

Ол Манзия Халимуллина бұдан бөлек, балабақшаға қажетті заттар алу үшінде – талай рет қол астындағы қызметкерлерден ақша жинады дейді.

– Қит етсе педагогтардан ақша сұрайды. «Сендер көп айлық аласыңдар, 500-1000 теңгеден беріңдер» дейді. Жинап береміз. Бермесең – қысым көрсетеді. Бір кісінің артынан түсті ма, соны жұмыстан шығармай тынбайды. Бірнеше адамды «өз еркімен» жұмыстан кетірді,- дейді Дана.

Дананың бұл пікірін қасында отырған әріптестері де қостады. Олар да осы сарында пікір білдірді. Тәрбиешілердің сөзінше, балабақша меңгерушісі Манзия Халимуллинаның қысымына шыдамай бір әріптестері суицид жасауға дейін барған көрінеді.

– Үнемі көрсетілген қысымға шыдамай бір әріптесіміз өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Қайта күйеуі мен енесі құтқарып қалған. Осыдан кейін ол тәрбиеші жұмыстан шығып кетті, – дейді тәрбиеші Толқын Хамзина.

Балабақша қызметкерлері

Балабақша қызметкерлері меңгеруші Манзия Халимуллина өзінің баласы мен келінін заңсыз жұмысқа алғанын да айтты.

– Баласын дене шынықтыру пәнінің, келінін орыс тілі пәнінің мұғалімі етіп, жұмысқа алды. Келінінің ешқандай педагогикалық білімі жоқ. Сертификатпен алып отыр. Бұл – бір. Екіншіден, баласы жұмыс уақытында кішкентай балалардың төсек орнында, басқа жерлерде де үнемі ұйықтап жатады. Жұмысқа кешігіп келеді. Оған үндемейді. Ал біз кішкене кешіксек, жер-жебірімізге жетеді. Сосын, тағы бір айта кететін нәрсе – тәрбиешілерді ата-аналардың көзінше «неге сүмірейіп тұрсың, былжырамай тездет» деп ар-намысымызға тиетін сөздер айтады,- дейді олар.

Шыдамдары сарқылған тәрбиешілер меңгеруші Манзия Халимуллинаның заңсыз әрекеттерін дәлелдейтін фактілерді көрсетіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне шағымданған. Бұл құзырлы орган шағымды Казталов аудандық прокуратурасы мен білім бөліміне жолдаған.

– Аудандық білім беру бөлімінен арнайы комиссия келіп жиын өткізді. Сонда Манзия Халимуллина заңсыз ақша алғанын мойындады. Алғашында бұл кісіге тек қатаң сөгіс берді. Бұл шешіммен біз келіспей облыстық прокуратураға шағымдандық. Өйткені, Манзия Халимуллинамен жұмыс істей алмаймыз. Бізге де жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Қазір меңгеруші «мен жұмыстан кетпеймін, мені ешкім шығара алмайды, маған қарсы шыққандарды сотқа беремін» деп отыр,- дейді Дана Дарвинова.

«Орал апталығы»тілшісі «Балдәурен» балабақшасына барған. Алайда меңгеруші Манзия Халимуллина қандай да бір пікір білдіруден бас тартып, тілшіні балабақшадан шығарып жіберді.

Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген Казталов ауданы білім беру бөлімінің басшысы Самал Джангереева Манзия Халимуллинаның заң бұзғаны анықталды деді.

– «Балдаурен» балабақшасының меңгерушісі Манзия Халимуллинаның мәселесі білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп және педагогтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органның кезектен тыс отырысында қаралды. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409 бабының 7-3 бөліміне сәйкес орын алған заң бұзушылақтар бойынша ол кісіге «қатаң сөгіс» берілді,-дейді.

Ол меңгерушінің ақша жинағанына қатысты тергеу жүргізу үшін құзырлы органдарға жүгінгендерін айтты.

– Біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментіне, БҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне анықталған заң бұзушылықтарға сәйкес тексеріс жүргізулерін сұрадық. Органдардан заң бұзушылықтың жалпы сомасы – 200 мың теңгеге (Манзия Халимуллина 184 мың теңге жинаған – ред) жетпейтін болғандықтан шешімді біз қабылдауымыз қажет екені жөнінде жауап алдық. Манзия Халимуллинаға өткен жылдың желтоқсан айының 21-інде ҚР Еңбек Кодексі негізінде жұмыс берушінің бастамасымен ол кісімен жасалған келісім шарт бұзылатыны жөнінде хабарлама берілді. Ол кісі 21 қаңтарда қызметінен босатылады,-деді Самал Джангереева.

Есенжол Елекенов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

13 − seven =

x
2023-03-28
Утром10.63 ℃
Днем11.36 ℃
Вечером11.45 ℃
Ночью7.46 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.97 м/с
2023-03-29
Утром3.88 ℃
Днем11.45 ℃
Вечером13.18 ℃
Ночью9.53 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.49 м/с