Қай кезде балағат сөздерге айыппұл салынады және бұған дәлел керек пе

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев балағат сөздерді қолданғандарға қарастырылатын жаза түрлері жайында сұрақтарға жауап берді.

Кейінгі күндері әлеуметтік желіде балағат сөздер үшін жауапкершілік күшейді деген сұрақ көбейді. Қандай жағдайда балағат сөздер үшін айыппұл салынады?

– Қазақстан заңнамасында балағат сөздер үшін жауапкершілік бұрыннан көзделген.

Мысалы, қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде қорлау – бұл қылмыстық теріс қылық. Оны жасағаны үшін жауапкершілік 100 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде немесе 120 сағатқа дейін түзеу я болмаса қоғамдық жұмыстар түрінде көзделген.

Бұдан әрі құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұрған адамдарға айқын құрметсіздік білдіретін және қылмыс құрамын қамтымайтын балағат сөздер мен басқа да әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Жаза сот арқылы ескерту немесе 5 тәулікке дейін қамаққа алу түрінде болуы мүмкін.

Ұсақ бұзақылыққа келетін болсақ, бұл қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды бұзу, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті бүлдіру және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер түрінде көрінеді. Басқаша айтқанда, ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілік қоғамдық орындарда, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіру, сонымен бірге қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, балағат сөздер айтылған жағдайда ғана туындайды.

Балағат сөздер үшін жауапкершілік қаншалықты күшейді?

– Иә, осы жылдан бастап ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жаза күшейтіледі. Бұл, ең алдымен, қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу мақсатында жасалды. Қазір автобуста біреу балалардың немесе аға буын адамдардың көзінше, яғни қоғамдық орында, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан жағдайда, бұл үшін айыппұл 17 250 теңгені құрайды немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынады.

6 наурыздан бастап мұндай әрекеттер үшін 20 АЕК (69 мың тенге түріндегі жаза) айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.

Біреу мені жай ғана балағаттады деп айтса, айыппұл салына ма?

– Әрбір өтініш бойынша полиция қызметкерлері дәлелдемелер жинайды. Бұл азаматтардың өтініші, куәгерлердің айғақтары, сонымен бірге құқық бұзушылықтың аудио, бейнетүсірілімі, қажет болған жағдайда сарапшының қорытындысы болады. Құқықтық бағаны сот береді.

Үйде, көлікте айтылған балағат сөздер үшін де жазалай ма?

– Атап өткенімдей, бәрі мән-жайға байланысты. Ұсақ бұзақылық бойынша жауапкершілікке тарту үшін қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, айналасындағыларды сыйламау, сонымен бірге қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу – міндетті шарт.

Әлеуметтік желідегі балағат сөздер үшін қалай айыппұл салады?

– Әлеуметтік желілерде балағат сөздер айтқаны үшін, егер мұндай әрекеттер қоғамдық орындарда немесе айналасындағылардың, азаматтардың тыныштығын бұзса, бұл ұсақ бұзақылық бабымен қарастырылады.

Қай тілдегі балағат сөздерге айыппұл салынады?

– Жалпы жоғарыда аталған жағдайлар болған кезде қай тілде болмаса да балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілік бар.

Дереккөзі: Zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-15
Утром14.75 ℃
Днем21.2 ℃
Вечером19.57 ℃
Ночью16.17 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра6.15 м/с
2024-09-16
Утром15.85 ℃
Днем24.73 ℃
Вечером23.19 ℃
Ночью19.21 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра8.2 м/с