Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ауа-райының қолайсыздығы кезінде тас жолдарда көлікте тұрып қалған 13 адамды құтқарды
Қыстың басынан бастап құтқарушылар облыстық және Республикалық маңызы бар тас жолдардағы 7 автокөліктің жүргізушілеріне боанда және аяз кезінде көмек көрсетті. Бүгінгі таңда ТЖД қызметкерлерінің алаңдаушылығын Республикалық маңызы бар жолдарды қысқы күтіп-ұстауға арналған арнайы техниканың жетіспеушілігі тудырады, ол боранның салдарын жою үшін өте қажет: бүгінде «Қазавтожолда» өңір бойынша жолдарды қар мен мұздан тазарту бойынша 54 техника бар (қажет болған жағдайда 85 бірлік), оның ішінде жарамды жағдайда-барлығы 40 арнайы машиналар (бұл қажетті мөлшердің 47%).
БҚО бойынша ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2022-2023 жж. қысқы кезеңде төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін жолдардың аса қауіпті учаскелерінде бекітілген 92 бірлік санында авариялық-құтқару, жоғары өтімді көмекші техника дайындыққа келтірілді.
Облыс бойынша ауа – райының қолайсыздығы кезінде жолда қалып қоюы мүмкін автокөлік жүргізушілері үшін 37 жылыту және тамақтандыру пункттері (жол қызметтері – 18, жергілікті әкімдіктер-19) дайындалды.
Қыстың басынан бастап құтқарушылар көмек туралы сигналдар бойынша трассаларға 6 рет шығып, 7 автокөлікті (4 жеңіл, 3 жүк көлігі) қар үйінділерінен қауіпсіз орындарға шығарды, қар жауған кезде 13 адамды құтқарды. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамының 28 адамы және 15 техника жұмылдырылды.
Облыс тұрғындарын қыс мезгілінде түрлі сипаттағы қауіптер туралы хабардар ету мақсатында ұялы байланыс операторлары (Kcell, Velline, Tele2, Astiv), «Дармен» қосымшасы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мәтіндік хабарламалар жіберіледі.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында төтенше жағдай туындаған жағдайда жүргізушілер тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 Call-орталығына қоңырау шала алады.
БҚО бойынша ТЖД 2022-2023 жылдың қысқы кезеңіне Республикалық маңызы бар автожолдардағы көктайғақ пен қар үйінділерімен күресу үшін: 2000 тоннаның орнына 1580 тонна техникалық тұз (дайындау жоспарының 79% құрайды); 7500 тонна құм-қиыршық тас қоспасы (7500 тонна қажет), 4270 тонна құм-тұз қоспасы дайындалғанын түсіндірді, алайда жоспар бойынша 14000 тонна (дайындау жоспарының 30,5% құрайды); 10 тонна бензин, алайда жоспар бойынша 90 тонна (дайындау жоспарының 11,1% құрайды), 42 тонна дизель отыны, алайда жоспар бойынша 260 тонна (дайындау жоспарының 16,2% құрайды) болуы тиіс. Бүгінгі күні республикалық трассаларды қысқы күтіп ұстауға арналған арнайы техниканың жалпы саны – 54 бірлікті (нормативтік қажеттілік – 85) құрайды,оның ішінде бүгінгі таңда 40 бірлігі жарамды (нормативтік қажеттіліктің 47%).
Облыстық маңызы бар жолдарды қысқы күтіп ұстау үшін: 295 тонна тұз (талап етіледі – 500 тонна), 5910 тонна ҚҚҚ (Құм-қиыршық тас қоспасы) (талап етіледі – 5000 тонна), 435 тонна ҚТҚ (Құм тұзы қоспасы) (талап етіледі – 2000 тонна), 35 тонна бензин, 90 тонна дизель отыны дайындалды. Қысқы кезеңде ТЖ жою үшін облыстық маңызы бар автожолдарда 86 бірлік техника (норма бойынша 102 бірлік) және 116 адам дайындыққа келтірілді.
Людмила КАЛАШНИКОВА