Үш жылдан бері салынып жатырған мектеп құрылысы неге тоқтады?

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында 600 орындық жаңа мектептің салынып жатырғанына үш жылдан асты. Жоспар бойынша, бұл мектеп өткен жылы пайдалануға беріліп, апатты жағдайда тұрған Алма Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары жаңа ғимаратқа көшуі тиіс болатын. Бірақ мердігер уақытында аяқтамаған. Қазір мектептің құрылысы тоқтап тұр. Өйткені, мердігер «Жиенбай» тапсырыс беруші – Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасын сотқа берген.

Апатты жағдай тұрған Алма Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Енді не болады?

Екі тараптың арасындағы сотқа нүкте қойылмайынша құрылыс сол күйі тоқтап тұра бермек. Батыс Қазақстан обылысы құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев осылай деп отыр.

— Бұл мектептің құжаттамасына өткен жылдың қыркүйегінде қайта түзетулер енгізілгенде құрылыс материалдарын таситын көлік шығыны көрсетілген жоқ. Осы себепті мердігер бізді сотқа беріп,273млн теңге сұрап отыр. Енді сот шешімі шықпайынша ештеңе істей алмаймыз. Шешім шыққанан кейін ғана құрылыс жалғасады,-дейді Әлібек Антазиев.

Оның айтуынша, алғашында мектептің құрылысана жалпы сомасы –2 млрд 86 млн теңге қаржы бөлінген. Құжаттамаға түзетулер енгізілгенде 668 млн теңге және қосылған. Мектепті толық салып бітірмеген мердігер «Жиенбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрылыс басқарамасы сотқа бермек.

— Қазір мердігер бізді сотқа берсе, кейін біз мердігердің үстінен сотқа шағымданып, «жауапсыз мердігер» деп тануларын сұраймыз,-деді Әлібек Антазиев.

Ол «Орал апталығы» тілшісінің «Сіздер мен мердігер арасындағы сот процесі ұзаққа созылып кетсе не болады?Мектептің құрылысы қашан бітпек? Келесі жылға қалып кетпей ме?» деген сұрағына: «Қазір мектеп 85-90 пайызға аяқталып тұр. Осы жылдың тамыз айына дейін міндетті түрде пайдалануға береміз» деп жауап берді.

Ал мердігер «Жиенбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Александр Қарағойшин болса, мектептің құрылысына тек 2млрд теңге қаржы бөлінгенін айтады.

-2млрд теңгенің 1млрдына ғана қайта түзету жасалды.Біз құрылыс жұмысын 2020 жылы бастадық. Сол жылы желтоқсан айында құрылыс материалдары қымбаттап кетті. Бұл – бір. Екіншіден, құрылыс материалдарын тасымалдайтын көлік шығыны қарастырылмаған. Оған өзіміз 273 млн теңге жұмсадық. Енді құрылыс басқармасын сотқа берудегі себебіміз – осы қаржыны бізге қайтарсын. Сотта жеңіп шықсақ, мектеп құрылысын бітіруге тырысамыз,-дейді Александр Қарағойшин.

Жаңа мектептен ескі мектепке

Апатты жағдайда тұрған Казталов ауданындағы Алма Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектептің үшінші қабаты бүгінде толық жабылған. Мұғалімдер мен оқушылардың кіруіне болмайды. Себебі қабырғалары жарылған, құлап кетпес үшін темірмен тіреп қойған. Мұнда қазір 590 оқушы оқып жатыр.

Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Інжумаржан Ғазизова балалардың мұндай жағдайда білім алуы –қауіпті екенін айтады.

-Оқушылардың өміріне біздер, ұстаздар жауаптымыз. Өткен жылы ата-аналар қарсы болғасын, үшінші қабатты жауып тастадық. Қазір тек бір мен екінші қабаттаоқып жатыр. Екінші қабаттағы физика кабинетінде де тіреу тұр. Бұл бөлменің төбесі жарылып тұр. Опырылып түсе ме деген қорқынышпен жүрміз,- дейді.

Ол жыл сайын көктем мезгілінде мектептің жертөлесінің іші суға толатынын, жартастар үгітіліп, құлап жатқанын айтты. Інжумаржан Ғазизоважаңа мектепке көшеміз бе деген қуаныштары су сепкендей басылып қалды дейді.

— Бұған бірінші кезекте мердігер мекеменің басшысы Александр Қарағойшин кінәлі. Ол кісінің жауапкершілігінің жоқтығының кесірінен оқушылар тоз-тозы шыққанмектепте білім алуғамәжбүр,- деді.

Казталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашев мердігермен әрі қарай жұмысты жалғастыру керек пе, жоқ па деген мәселе көтеріліп отырғанын айтады.

— Себебі, мердігер құрылыс жұмысын тағы созып жіберуі мүмкін. Сондықтан біз облыс әкіміне «Жиенбай» мен келісім шартты тоқтатып, басқа мердігерге беру турасында ұсыныс жолдадық. Облыс әкімі бұл ұсынысты қолдап отыр,-дейді аудан әкімі.

Батыс Қазақстан облысындағы мектеп мәселесін жиі көтеріп жүрген «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстағы өкілі Бауыржан Ахметжан оқушылардың жағдайы төмен орындарда білім алуында– балалардың құқығы бұзылып отырғанын айтады.

— Оқушылардың бөлмесі тар, ыңғайсыз, спорт залы жоқ жерлерде оқуы– білім сапасына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Осыны аудан әкімі мәселе ретінде көтеріп жатқан жоқ. Білім басқармасы да үнсіздік танытып отыр. Бұл – мемлекеттік органдардың жабық екенін көрсетеді. Заң бойынша балалардың сапалы білім алуы, оқитын жерлерінде барлық жағдайдың жасалуы міндеттеледі. Ал бұл жерде мұның бәрі бос сөз болып отыр. Яғни, біздің облыста балалардың конституциялық құқықтары толық бұзылуда. Ата-аналар да бұған көндігіп отыр. Мәселен, біз осыған дейін Бәйтерек ауданының Чувашка, Раздольное ауылындағы, Тасқала ауданының Мерей ауылында, Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында да оқушылардың ескі ғимараттар да білім алып жатқанын көріп, мәселе етіп көтерген едік. Бірақ өкінішке қарай, жауапты органдар тарапынан да, ата-аналар тарапынан мұндай мәселеге үн қатқанын көрген жоқпыз,-дейді Бауыржан Ахметжан.

Есенжол Елекенов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-12
Утром1.77 ℃
Днем2.37 ℃
Вечером2.08 ℃
Ночью1.89 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.57 м/с
2026-11-13
Утром4.28 ℃
Днем6.33 ℃
Вечером2.58 ℃
Ночью5.17 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра7.29 м/с