БҚО тұрғыны киік мүйіздерімен қолға түсті
«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-дан мәлім еткеніндей, оқиға 18 қаңтар күні Жаңақала ауданы аумағында болған.

«Құқық қорғау органдары мен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында Жаңақазан ауылдық округіне қарасты Қарашеген қыстауынан 1981 жылғы тұрғыннан тінту барысында 18 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкін тәркілеумен бірге 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.