Тәрбиешілерден ақша талап еткен балабақша меңгерушісі қызметінен кетті

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы «Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі Манзия Халимуллина қызметінен кетті. Бұл туралы Казталов ауданы білім бөлімінің басшысы Самал Джангереева айтты.

«ОА» мұрағатынан

Оның сөзінше, Манзия Халимуллина 19 қаңтар күні өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш берген.

– Өзімен жасалған келісім шартты тоқтату туралы өтініш жазды. 20 қаңтар күні Еңбек кодексінің 49-бабының, 5-тармағы бойынша жұмыстан босатылды,-дейді Самал Джангереева.

Балабақша тәрбиешісі Дана Дарвинова Манзия Халимуллинаполицияға шағым түсіргенін айтады.

-16 қаңтар күні таңертеңгісін біздің үстімізден шағым түсірген. Сол күні кеште бізді полицияға шақырды. Полиция қызметкері «Журналисті кім шақыртты? Не үшін шақырдыңыздар?» деп сұрады. Біз Манзия Халимуллинаға қатысты мәселенің бар екенін, қолымызда бар барлық фактілерді көрсету үшін шақырғанымызды айттық. Содан кейін полиция шақыртқан жоқ. Енді Манзия Халимуллина сотқа берем деп айтатын көрінеді,-дейді Дана Дарвинова.

Айта кетейік, осыған дейін Манзия Халимуллинаның қызметін асыра пайдаланып, балабақша қызметкерлерінен ақша жинағанын жазған болатынбыз.

Есенжол Елекенов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-04
Утром-3.13 ℃
Днем-0.15 ℃
Вечером-2.08 ℃
Ночью-2.8 ℃
Влажность71 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра2.96 м/с
2024-12-05
Утром-4.23 ℃
Днем-0.77 ℃
Вечером-2.88 ℃
Ночью-3.68 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра3.27 м/с