Арман Дүйсеновтың жары композитордың неден қайтыс болғанын айтты

Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген.

фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның танымал композиторы Арман Дүйсенов дүниеден озды.

Бүгін таңертеңгі уақытта танымал композитордың жүрегі тоқтап, мәңгілік сапарға аттанған.

Айсұлу Дүйсенованың айтуынша, соңғы кездері жұбайының жүрегі жиі сыр беріп жүрген. Алайда ауыратынын айтып, ауыртпашылық салмаған.

«Өмірден өтетіндей ешбір белгі болмады, ол да еш шағым айтқан емес. Өмірінің санаулы сағаты қалғаны еш байқалмады», – деді композитордың жұбайы Sputnik Қазақстанға.

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов марқұмның әулетіне, туған-туыстары мен барша жұртшылыққа қайғырып көңіл айтты.

«Қайғылы хабар естіп, төбемізден жай түскендей халдеміз. Өзінің қоңыр қалпымен, биязы мінезімен күллі қазақ жұртының, өнер ортасының құрметіне бөленген, мәдениет саласына еңбек сіңірген азамат екенін баршаңыз жақсы білесіздер. Мезгілсіз қаза. Ауыр хабар. Алланың ісіне қылар қайран жоқ. Иманы саламат болсын!», – деп жазды Дәуешов.

Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Өмірін қазақ шығармашылығын байытуға арнаған талантты композитор, тележүргізуші, продюсер болып та қызмет етті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-21
Утром-12.18 ℃
Днем-8.51 ℃
Вечером-10.4 ℃
Ночью-12.01 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра2.11 м/с
2026-01-22
Утром-13.48 ℃
Днем-8.59 ℃
Вечером-10.41 ℃
Ночью-12.82 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.49 м/с