Жеңілдетілген автонесие: өтінім беру тәртібі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

«Берілетін несие сомасы 10 миллион теңгеге дейін болуы тиіс, автокөліктің құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Халыққа көліктер қолжетімді болуы үшін, бұл бағдарламада қымбат көліктер болмауы қарастырылған. Біз бағдарламаны айдың аяғына дейін бастауға тырысамыз«, — деді Қарабаев үкімет отырысында.

Ведомство басшысының айтуынша, осы аптада Өнеркәсіпті дамыту қоры брифинг өткізеді, онда бағдарламаны қайта бастаудың нақты күні айтылады.

«Бұл жерде бағдарламаның тетігін қайта қарау туралы мәселе тұр. Егер бұған дейін олар алдымен автосалондарға жүгініп, содан кейін банкке барса, Өнеркәсіпті дамыту қоры басқа механизмді ұсынады: алдымен Өнеркәсіпті дамыту қорына жүгінеді, онда электрон кезек болады, содан кейін автосалонға барады. Автосалондар олармен келісілген белгілі бір мерзімде көлікті ұсына алуы үшін», — деп түсіндірді министр.

Жаңа автокөліктерді ұзақ күту туралы айта келе, Қарабаев мұндай жағдай Қазақстанда ғана емес екенін атап өтті.

«Бұл кез келген елде, тіпті KIA өндірілетін Оңтүстік Кореяда болады. Сондай-ақ, кей маркалары халықтың 2-2, 5 жыл күтуіне тура келеді», — деді ол.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-17
Утром11.83 ℃
Днем25.82 ℃
Вечером25.23 ℃
Ночью22.1 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.46 м/с
2026-08-18
Утром17.51 ℃
Днем31.08 ℃
Вечером33.08 ℃
Ночью21.2 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.84 м/с