1 наурыздан бастап көп балалы аналар қоғамдық көлікпен тегін жүреді

Мұндай жеңілдік І топ мүгедектігі бар адамдарға да беріледі.

«ОА» мұрағатынан

Автобуста тегін жүруге құқылы адамдардың санаты кеңейді. 1 наурыздан бастап І топ мүгедектігі бар жандар мен көпбалалы аналардың барлығы қоғамдық көлікпен тегін қатынайды, деп хабарлайды 31 арнаның «Информбюро» ақпараттық бағдарламасы.

2023 жылдың 1 наурызынан бастап «Автомобиль көлігі туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Заңда азаматтардың жекелеген санаттары үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруіне қатысты түзетулер бар.

«Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел» жол картасына сәйкес жолаушылардың жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беру қарастырылған.

Қалалық (ауылдық), қала маңындағы қатынайтын көліктерде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар тегін жүреді.

Сондай-ақ, І топ мүгедектігі бар адамдарға да қоғамдық көлікте жүру тегін. Ал 15-18 жас аралығындағы балалар билет құнының 50 пайызын төлейді. Бұған дейін бұл жеңілдікті 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар пайдаланып келді.

Қазақстанның кейбір өңірлерінде заңда көрсетілген жеңілдіктердің бір бөлігі бұрыннан бар. Енді бұл өзгерістер барлық аймақты қамтуы тиіс. Жергілікті әкімдіктер де қосымша жеңілдіктер беру мүмкіндігіне ие.

«Тек қоғамдық көлік ішінде арнайы тексеру қызметінің маманына тиісті құжатты көрсету керек. Индустрия министрлігінің айтуынша, әр қаланың жергілікті әкімдіктердің басқа да санаттағы азаматтарға қосымша жеңілдіктер қарастыруы өз еркінде дейді. Сондай-ақ, заңдағы тағы бір өзгеріс биылдан бастап 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер билет құнының жартысын ғана төлеп, автобуспен қатынай алады. Яғни, мектеп оқушыларына 50 пайыздық жеңілдетілген тариф белгіленді», – дейді «Информбюро» тілшісі.

Мектеп оқушылары да міндетті түрде өзінің оқушы екенін растайтын құжатты көрсетуі тиіс. Бұл жеңілдіктердің барлығын автобус, троллейбус пен трамвай қоғамдық көлігінде пайдалануға болады. Тек метрода жүру тарифі басқаша.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-16
Утром8.11 ℃
Днем12.53 ℃
Вечером14.53 ℃
Ночью13.67 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра8.72 м/с
2025-03-17
Утром7.31 ℃
Днем9.94 ℃
Вечером10.78 ℃
Ночью9.98 ℃
Влажность83 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра5.54 м/с