Борышкердің банкроттыққа дейінгі жағдайы қалай анықталады

Мемлекеттік кірістер комитеті Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы бұйрық әзірледі.

Фото ашық көзден

Құжат борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг, сондай-ақ оның нәтижелері рәсімді тоқтатуға немесе банкрот міндеттемелерін тоқтатудан бас тартуға негіз болатын, борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтаруы мақсатында жеке мүдделері үшін жасаған әрекеттеріне тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

Борышкердің соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін борышкердің тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органдары іске асырады.

Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары:

  • соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолданылғанға дейінгі соңғы 3 жылға – соттан тыс банкроттық қолданылған және сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде;
  • соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімі кезеңінде – тоқсан сайын, есепті кезең аяқталғанға дейін күнтізбелік 10 күн ішінде борышкердің қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу арқылы оның кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерін анықтайды.

Борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерінің бар екендігін куәландыратын фактілерге:

  • мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иеленуіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою;
  • мүлік туралы мәліметтерді көрсететін құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау жатады.

Борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерін анықтау мынадай дереккөздерде:

  • мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдарында;
  • сот органдарында бар борышкерге қатысты деректер мен құжаттарды зерделеу және талдау арқылы іске асырылады.

Қажет болған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерін және төлем қабілетсіздігінің туындау себептерін объективті бағалауға қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдарға және ұйымдарға, шет мемлекеттердің ұйымдарына сұрау салу жібереді.

Борышкерінің қаржы-шаруашылық қызметін талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары мынадай құжаттардың бірін:

  • борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару белгілерінің болуы туралы қорытындыны;
  • борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерінің болмауы туралы анықтаманы жасайды.

Қорытындының және анықтаманың бір данасы МКО номенклатуралық істерінде сақталады, ал екінші дана борышкерге жіберіледі.

Мемлекеттік кірістер органы қорытынды жасалған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде:

  • Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 182-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды және шешім қабылдау үшін материалдарды сотқа береді;
  • Қорытындының немесе анықтаманың көшірмесін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жібереді.

Құжат 8 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

30 желтоқсан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойды.

Дереккөз: zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-16
Утром16.99 ℃
Днем32.06 ℃
Вечером31.82 ℃
Ночью21.95 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.59 м/с
2025-07-17
Утром18.86 ℃
Днем24.8 ℃
Вечером26.65 ℃
Ночью20.85 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра5.2 м/с