БҚО-да 2022 жылы 4 адамнан менингококк инфекциясы анықталған

Батыс Қазақстан облысында 2022 жылдың 12 айында 4 адамнан менингококк инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

Фото ашық көзден

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 0,60 құрады. Тіркелген жағдайлардың барлығы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталып отыр.

Менингококк инфекциясы – әртүрлі клиникалық көріністері бар ең ауыр жедел жұқпалы аурулардың бірі. Инфекция балалар арасында жиі кездеседі, көбінесе инфекция бір жасқа толмаған балаларға жиі жұғады.

Инфекция көзі – ауру адам. Таралу жолы – ауа-тамшысы арқылы. Инфекция мұрынның, ауыз қуысының және жұтқыншақтың шырышты қабаты арқылы ағзаға енеді. Менингококк инфекциясының инкубациялық кезеңі орташа есеппен 4 күнді құрайды, бірақ ол 2-ден 10 күнге дейін де болуы мүмкін.

Аурудың бірінші кезеңінде барлық белгілер тұрақты сипатта болады, сондықтан көбінесе ми қабығының қабынуының басталуын суық тию немесе ЖРВИ деп көптеген адам қателеседі.

Негізгі белгілері:

Бастың ауыруы. Алдымен ол бас айналу, жеңіл сырқаттану ретінде көрінуі мүмкін, уақыт өте келе бас сақинасы сияқты тұрақты сипатқа ие болады.

Тәбеттің болмауы. Сонымен бірге тамақтың құрғауына байланысты үнемі су ішкісі келе беретіндігі байқалады.

Кішкентай пациенттерде диарея пайда болады.

Жалпы әлсіздік, дененің ауырсынуы.

Жарыққа, қатты дыбыстарға және бір нәрсенің жанасуына қатты реакция пайда болады.

Дене қызуы көтеріледі.

Менингококк инфекциясының алдын алу:

— катаральды құбылыстардың алғашқы белгілері пайда болған кезде (бас ауруы, дене қызуының жоғарылауы, тамақтың қызаруы, әлсіздік) дәрігерге қаралу;

— адамдар көп жиналатын орындарға (мәдени-бұқаралық іс-шаралар, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдары) баруды шектеу;

— науқаспен байланысты болдырмау, бетперде пайдалану;

— жеке гигиенаны сақтау, қолды мұқият жуу;

— менингиттің дамуына себеп болатын ЛОР органдарының жедел және созылмалы жұқпалы ауруларын уақтылы емдеу;

— денені шынықтыру және спортпен шұғылдану.

Аурудың белгілері пайда болған кезде, өзін-өзі емдеуге болмайды, ауру ауыр асқынуларға алып келмеуі үшін тезірек дәрігерге қаралу керек.

ТАҚЫРЫПТА ОҚЫҢЫЗ: БҚО-да менингиттің үш жағдайы тіркелді

БҚО-да менингиттің алғашқы оқиғасы тіркелді

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.88 ℃
Днем13.57 ℃
Вечером11.13 ℃
Ночью8.84 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.47 м/с
2026-10-10
Утром6.6 ℃
Днем17.38 ℃
Вечером15.94 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.32 м/с