Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді

«Жаңа баспана 6/50» бағдарламасына пәтер құнының жартысын жинаған қазақстандықтар ғана қатыса алады.

Көрнекі сурет

«Жаңа баспана 8/15» тұрғын үй бағдарламасына 2022 жылғы мамырда 700, маусымда 360 және шілде-тамыз айларында 935 адамнан өтінім қабылданған. Олар 15% бастапқы жарна және 8% жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй ипотекасын алады.

Осы орайда, Отбасы банкі Іnstagram желісінде бұл бағдарламаға үлгермеген қазақстандықтар үшін кезекке тұрмай-ақ және конкурсқа қатыспай-ақ ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді. Бірақ, бұл үшін үміткердің Отбасы банкінде алатын пәтер құнының 50 пайызы көлемінде жинағы болуы шарт. Алайда, жылдық пайыздық мөлшерлемесі біршама төмен – 6%.

Мұндай азаматтар «Жаңа баспана 6/50» бағдарламасы аясында ипотека ала алады.

Оған қатысу талаптары:

  • тұрғын үй төлемдерін алушы болу;
  • депозитте тұрғын үй сомасының 50 пайызы болуы тиіс;
  • тұрғын үй тауып, банкке құжаттармен келу.

Қандай баспана сатып алуға болады?⠀

  • алғашқы немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй;
  • үлестік қатысу шарты бойынша тұрғын үй;
  • тұрғын үй құрылысы (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда).

Негізгі шарттары:⠀

  • бастапқы жарна – 50%;
  • сыйақы мөлшерлемесі – 6% (СЖТМ 6,2 пайыздан бастап);
  • келесі 3,5 пайыздан 5 пайызға дейінгі тұрғын үй несиесіне ауысу мүмкіндігі қарастырылған;
  • несие сомасы – 100 млн теңгеге дейін;
  • несиені өтеу мерзімі – 25 жылға дейін.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.71 ℃
Днем16.31 ℃
Вечером10.49 ℃
Ночью8.37 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра2.54 м/с
2026-10-10
Утром5.04 ℃
Днем19.71 ℃
Вечером15.41 ℃
Ночью11.14 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.64 м/с