«Халық қазір мал боп кетті» деген ауыл әкімі қызметінде қалды

Бүгін, 27 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округінің әкімі Бейбіт Аманғалиевтің тәртіптік ісі қаралды. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері шенеунікке сөгіс берумен ғана шектелді.

«ОА» мұрағатынан. Халықтың наразылығына ашуланған Бейбіт Аманғалиев «Неге халықты тыңдайсыңдар? Халық қазір мал боп кеткен, ауыздарына келгенін айтады» деді.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласының бақылау басқармасының бас маманы Гүлсім Давлетова Бейбіт Аманғалиевке қатысты қызметтік терегеп-тексеру жүргізіліп, әдеп нормалары сақталмағаны анықталғанын айтты.

– Бейбіт Аманғалиевтың ауыл халқының қадыр-қасиетін кемсіту сөзін қолдануы – Әдеп кодексін бұзып отыр. Бірақ, Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының Аманғалиевке қатысты берген қызметтік мінездемесінде оның бүгінгі күнге дейін алған тәртіптік жазасы жоқ екені, оның білгір басшы екені сипатталған. Сонымен қатар Махамбет ауылының тұрғындары тарапынан ол кісіні қолдау хаттары келді. Бұдан бөлек, Бейбіт Аманғалиевті айтқан сөзі үшін жауапкершілікке тартуды сұрағандығы жөнінде бір тұрғыннан хат келіп түсті,-деді Гүлсім Давлетова.

Өз кезегінде Бейбіт Аманғалиев «Халық қазір мал боп кетті» деген сөзі аузынан «байқаусызда» шығып кеткенін айтып, ақталды.

– Ауылда газ, жарық сөніп, қиын жағдай орын алды. Әкім болып үйде жатқан жоқпын. Бір тәулік бойы ұйықтамай шауып жүргенде журналист келіп, неше түрлі сұрақтар қойды. Халықтың журналист шақырғанын білгем жоқ. Соңынан естідім. Шаршап жүргенде аузымнан шығып кетті,-деді Бейбіт Аманғалиев.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Бауыржан Ахметжан «Халық мал боп кетті» деген сөзіңізді нақты кімге бағыттап айттыңыз? Махамбет ауылының тұрғындарына ма, әлде бүкіл Қазақстан халқына ма?» деп сұрады.

Бұл сауалға Бейбіт Аманғалиев «Мен халықты мазасыз деп айтқым келді. Халық мені өзі сайлап алды, мен халқыма жұмыс істеп жатырмын, істей де беремін» деп жауап берді.

– Жұмыс істеп жатқаныңыз түсінікті ғой, сіз бұл сөзді нақты кімге бағыттағаныңызды айтпадыңыз ғой? Халықтың ішінде билік өкілдері бар ма, жоқ па?- деп Бауыржан Ахметжан және сұрақ қойды. Алайда бұған Бейбіт Аманғалиев нақты жауап бере алмады.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Абат Шыныбеков Бейбіт Аманғалиев өзінің әрекетімен мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтіргенін айтты.

– Сіз биліктің халыққа қызмет көрсетуші өкілісіз. Мемлекеттік қызметші қандай жағдай болса да, ол халыққа қызмет етуші екенін, ант бергенін ұмытпауы қажет. Сіздің мұндай әрекетіңіз бізге үлкен сын,-деді Абат Шыныбеков.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов тәртіптік жазасы жоқ, бірінші рет әдеп нормаларын бұзған мемлекеттік қызметшіге, ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс берілетінін айтып, Бейбіт Аманғаливке қатаң сөгіс пен сөгіс беруді дауысқа салды. Алайда кеңес мүшелері жай ғана сөгіс беруді қолдады.

ОСЫ ТАҚЫРЫПТА ОҚЫҢЫЗ: Халықты малға теңеген ауыл әкіміне қатысты әдеп уәкілдері не дейді?

«Олай деп айтқым келген жоқ». Әкім халықтан кешірім сұрады

«Халық қазір мал боп кеткен»: БҚО-да ауыл әкімі халықты малға теңеді

Есенжол Елекенов

Фото мен бейне Еркебұлан Гапуов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-06
Утром-8.96 ℃
Днем-5.19 ℃
Вечером-4.99 ℃
Ночью-7.58 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра6.35 м/с
2025-02-07
Утром-10.59 ℃
Днем-7.78 ℃
Вечером-9.59 ℃
Ночью-10.68 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра5.6 м/с