Қазақстанда ресейліктерге көлік сату тоқтатылды – БАҚ

Қазақстандағы танымал автомобиль маркаларының дилерлік орталықтары Ресей азаматтарына жаңа машиналар сатудан бас тартты, деп хабарлайды  Autonews порталы.

фото: ашық дереккөзден

БАҚ мәліметінше, Қазақстан ресейліктер үшін автокөлік сатып алу үшін ең танымал нарықтардың біріне айналды: мұнда қазір сатылымда табылмайтын және қосымша опциялар үшін бағасы негізсіз көтерілмеген көлік модельдері ұсынылған. Алайда көптеген дилерлер көліктерді ресейліктерге сатудан бас тарта бастады.

– Сауда компаниясы Ресей паспорты бойынша Hyundai көлігін сатудан үзілді-кесілді бас тартты. Сонымен қатар, дилерлік компанияның қызметкері мұндай шектеулердің себебін атай алмады. Сатушы Ресей азаматтарына көлік сатып алудың балама нұсқаларын ұсынуға тырыспады. Дәл осындай жағдай басқа HYUNDAI автосалонында да болды. Мұның себебін сатушы «клиенттің өзі құжаттарды ресімдеу кезінде қиындықтарға тап болатындығымен» түсіндірді, – деп жазды Қазақстанда көлік сатып алуға тырысқан ресейлік журналист.

Ресейлік төлқұжат бойынша Kia брендінің машинасын сатып алуда да қиындықтар бар. Менеджер түсіндіргендей, олар шетелдік азаматқа автокөлікті тек оның Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бойынша немесе ЖСН туралы деректер көрсетілген Қазақстанның салық төлеушісі ретінде тіркелген куәлігі бойынша ғана сата алады.

Ал LADA орталығының менеджері Granta және Niva сатылымда жоқ екенін айтыпты. Орталықта тек Largus қана сатылып жатыр, алайда ресейлік төлқұжатпен оны алу мүмкін еместігі ескертілген.

Chery автосалонында және Toyota, Volkswagen дилерлік орталықтарында да осындай жағдай – сатушылар журналиске көлік сатудан бас тартыпты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-04-13
Утром12.47 ℃
Днем17.66 ℃
Вечером13.46 ℃
Ночью9.2 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.47 м/с
2024-04-14
Утром5.2 ℃
Днем10.65 ℃
Вечером12.42 ℃
Ночью10.24 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра5.11 м/с