БҚО-да бірнеше пәтерге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды

Ол еш жерде жұмыс жасамайтын Орал қаласының тұрғыны болып шықты.

Сурет polisia.kz

БҚО ПД криминалдық полиция басқармасы мен Орал қаласының полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері бірлесіп 2022 жылы екі пәтер ұрлығына, 2023 жылы тағы да екі пәтер ұрлығына жол берген күдіктіні құрықтады. Ол соңғы төртінші қылмысты жасаған күні қолға түсті. Күдікті 2022 жылдың соңғы айларында және 2023 жылдың басында пәтерлерден ұрлап, дәнігіп, осы мерзім аралығында 4 пәтерді тонап үлгерген. Ол әр пәтерге түнгі уақыттарда ұрлыққа түскен. Мысалы: 2022 жылғы 15 қазанда түнгі сағат 02:00 шамасында “Газовик” саяжайында орналасқан жер үйдің терезесін сындырып кіріп, үй иесіне тиесілі заттарды ұрлаған. 28 қазанда “Любитель природы” саяжай қоғамында орналасқан үйдің пластик терезелерін сындырып үйге еніп, шкаф ішінде тұрған алтын бұйымдар мен 500 мың теңгені жымқырып, оқиға орынынан бой тасалаған. Көп ретте үй ішінен ақша мен алтын бұйымдарды іздеп, әр пәтердің астан-кестеңін шығарып кеткен көрінеді.

11 қаңтарда пәтерге ұрлыққа түсіп, 2 дана неке сақинасын, алтын сырғалар, алтын алқа сынды зергерлік бұйымдарды алған және 300 мың теңгені алып кеткен. 63 жастағы пәтер иесіне 1 млн теңгеден астам материалдық шығын келген еді.

Бұнымен қоймай, 19 қаңтарда “Ескі аэропорт” ауданындағы кезекті жәйлі пәтердің пластик терезелерін ішке қарай итеріп ашу арқылы, үй иесіне тиесілі телевизор, ұялы телефон және құнды жамылғыларды ұрлаған. 1962 жылғы бұл пәтер иесіне де 400 мың теңге материалдық шығын келтірген.

Пәтер тонағыш жігіттің Орал қаласының тұрғыны екені, еш жерде жұмыс жасамайтыны полиция қызметкерлеріне мәлім болды. Тергеу алды барысында күдіктінің бұған дейін де қылмыстар жасап, істі болғаны анықталды. Осылайша 4 пәтерді тонаған 27 жастағы азамат ұсталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-04
Утром-3.67 ℃
Днем-0.31 ℃
Вечером-2.29 ℃
Ночью-2.59 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра3.19 м/с
2024-12-05
Утром-4.36 ℃
Днем-0.8 ℃
Вечером-3.02 ℃
Ночью-2.82 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра4.83 м/с