Экономика министрі Ресеймен шекаралас ауылдардың проблемасы туралы пікір білдірді

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан кейін Ресеймен шекаралас ауылдардың проблемасы туралы пікір білдірді.

Фото ашық көзден

«Біз ол ауылдардың болашағы жоқ деп ешқашан айтқан емеспіз. Тірек ауылдар мен оған серік ауылдар іріктелген болатын. Даму әлеуеті әлдеқайда жоғары ауылдар бар, онда халықтың 90%-дан астамы тұрады. Халқының саны аз, даму әлеуеті төмен ауылдарға да көңіл бөлініп отыр. Бірақ «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында емес, басқа бағдарламалардың аясында. Қаражат бірінші кезекте жергілікті бюджеттерден бөлінеді. Өйткені бұл жергілікті атқарушы органдардың да жауапкершілігі. Шекарадағы ауылдарға Үкімет тарапынан да, жергілікті әкімдіктер тарапынан айрықша көңіл бөлінеді», – деді министр.

Министр шекара заставаларына жақын орналасқан ауылдар мемлекет қолдауынсыз қалмайтынын баса айтты.

«Ресеймен шекарада жатқан ауылдарға қатысты айтсақ, адам тым аз тұратын ауылдар бар. Бәлкім бұл табиғи процесс шығар – адамдар ауылдан көшіп жатыр. Бірақ іргесінде шекара бекеттері тұрған ауылдар бар. Олар үнемі қолдау көретін болады. Өйткені шекара бекеттерін қайтакенде де қолдау қажет. Бұрын да айтқанмын, шекара бекеттері тұрған жердің маңайында инфрақұрылым жетілдіріледі», – деді Әлібек Қуантыров.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-17
Утром-9.94 ℃
Днем-5.48 ℃
Вечером-4.15 ℃
Ночью-3.38 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.33 м/с
2025-01-18
Утром-3.63 ℃
Днем-3.69 ℃
Вечером-3.32 ℃
Ночью-3.27 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.66 м/с