Орал қаласында № 28 мектептегі өрт кезінде күзетші зардап шекті
Ер адам мектеп кабинеттерінің бірінде электр қалқанының тұйықталуын өз бетінше жоюға тырысқанда, улы газбен қатты уланған. Ол қалалық көпсалалы аурухананың реанимациясында. Мектептегі өртті БҚО ТЖД қызметкерлері 40 минут ішінде сөндірді.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 30 қаңтар күні сағат 23.59-да Қонаев шағын ауданындағы «№ 28 мектеп-лицей » КММ ғимараты – № 45 оқу кабинетінің екінші қабатында 15 ш. м. алаңда өрт шыққандығ туралы дабыл түскен.
Өрт орнына БҚО ТЖД «БК және АСР» ММ (49 жеке құрам және 13 техника бірлігі), БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы (2 қызметкер), анықтау бөлімі (2 қызметкер), Орал қаласы ТЖД (1 қызметкер) шықты. Өрт сағат 00.37-де оқшауланып, 00.40-та жойылды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 31.01.23 жылы сағат 00.05-те ТЖД-дан №28 ЖОББМ-нің екінші қабатының түтіндеуі туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері келгеннен кейін сыныпта электр панелінің тұйықталғаны анықталды. Бұл мектептің күзетшісі – 1957 жылы туған ер адам, тұйықталуды жойғысы келді, бірақ көміртегі тотығымен қатты уланды.
Өрт сөндірушілер күзетшіге алғашқы медициналық көмек көрсетті, содан кейін ол Орал қаласының ГМБ реанимация бөліміне «Ауыр дәрежелі көміртегі тотығымен улану»диагнозымен жатқызылды.
Өрттің себебі, материалдық шығын және кінәлі адамдар анықталуда.