Орал қаласының тұрғынынан жалған темекі мен алкоголь табылды

Ер адам қала базарларында контрафактілік тауарларды саудалаған. Тауардың жалпы құны 57 млн ​​теңгені құрады.

Сурет Астана тв

Оралда қолдан жасалған арақ пен контрафактілік темекіні заңсыз саудалаған азамат ұсталды. Ол былтырдан бері темекі мен спирттік ішімдікті қала базарларында сатып келген. Бүгінде одан тыйым салынған тауарлардың тұтас қоймасы тәркіленді. Енді ұсталған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, жауапкершілікке тартылады. Мамандардың айтуынша, оның екі жылға сотталуы мүмкін. Ал тау-төбе болып үйілген мына тауарлар жойылады.

Бақыт САТАЕВ, БҚО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 57 миллион теңгеден астам 90 мың қорап болатын екі өлшемді цифрлық таңбалары жоқ темекі өнімдері, құрамында спирті бар зат құйылған, барлығы 320 литр көлеміндегі пластик ыдыстар табылып, алынды.

Сапасы күмәнді ішімдіктен уланғандар бар. Орал қаласының тұрғыны қолдан жасалған осындай отты судан уланып, ажал аузынан қалды. Қазір ол бір айдан бері дәрігерлердің бақылауында. Мамандардың айтуынша, спирттік ішімдіктен аузы күйгендердің дені – орта жастағы ер адамдар.

Асқар, уланған науқас:

Ақшам барда дүкеннен алам, ал қалтам жұқарса қолдан жасалған арақты базардан табасың. Қазір көбі солай сатады. Бірақ ешкім уланып қаламын деп ойламайды. Мен де тап осылай болдым. Ажалдан құтқарған дәрігерлерге рақмет. Әйелім бала-шағамды алып төркініне кетті. Енді жазылған соң, отбасымды жинап алуға тырысам.

Суррогат өнімдері төмен бағаға байланысты сатып алушылар арасында танымал. Бірақ күмәнді алкоголь мен темекі өнімдері денсаулыққа зиян келтіреді. Жыл сайын ондаған адам уланады, деп хабарлайды Астана арнасы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-17
Утром-9.94 ℃
Днем-5.48 ℃
Вечером-4.15 ℃
Ночью-3.38 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.33 м/с
2025-01-18
Утром-3.63 ℃
Днем-3.69 ℃
Вечером-3.32 ℃
Ночью-3.27 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.66 м/с