«Қайда барсаң, онда бар!». БҚО-да үй сұраған тұрғынға аудан әкімі осылай жауап берген

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылының тұрғыны Марусия Убишева редакцияға шағына келді. Ол 2016 жылдан бері үй кезегінде тұрғанын, содан бері кезегі біресе жылжып, біресе жылжымай қалатынын айтады. Бірнеше рет аудан әкімнің алдына да барған. Алайда әкім таяу арада үй бере алмайтынын айтып, «Қайда барсаң, онда бар!» деп жауап берді дейді.

Марусия Убишева

Марусия Убишева Қаратөбе ауданы орталығына 2018 жылы көшіп келген. Оған дейін Сулыкөл ауылында тұрған. Бұл ауылдағы үйі апатты деп танылған соң, қоныс аударуға мәжбүр болған.

– 2016 жылы үй кезегіне тұрдық. Аудан әкімі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегілер кезегім бірде 22 орында екенін, енді бірде 13 және 2 орынға дейін түскенімді айтты. Үй аламын ғой деп жүргенде қазір 78 орынға ығыстырып жіберген. Маған берілуі тиіс үйді басқа біреуге заңсыз беріп отыр. Қаратөбеде үй жоқ емес, төрт үй бар бос тұрған, бірақ оны өздерінің адамдарына береді. Аудан әкімінің алдына барғанда «Қайда барсаң, онда бар, үй бере алмаймыз» деп айтты,-дейді Марусия Убишева.

Ауылдағы апатты деп танылған үй

Марусия апайдың өзі үшінші топ, күйеуі екінші топ мүгедегі. Қазір олар пәтер жалдап жүр.

– Пәтерге айына 30 мың теңге төлейміз. Алатын зейнетақымыздың тең жартысы пәтерге кетеді,-деген Марусия Убишева әділдік орнап, баспана беріліп қалар деп үміттенеді.

Ол Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Ғали Есқалиевке де арыз-шағым түсірген. Әкімдіктің жазбаша берген жауабында тұрғын үй кезегінде екінші орында тұрғаны жазылған.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Марусия Убишеваға берген жауабында тұрғын үй кезегінде екінші орында тұрғаны көрсетілген.

Қаратөбе ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрбек Ақсұлтанов үй кезегінде Марусия Убишеваның өзі емес, күйеуі Сембай Убишев тұрғанын айтты. Ол қай ауылдан көшіп келді, үй сол ауылдан ғана беріледі деді.

– Біз ол кісіге үйді тек Сулыкөл ауылынан ғана бере алатынымызды айттық. Өйткені заң бойынша солай. Бірақ ол кісі сол ауылға көшкісі келмей, аудан орталығынан сұрап отыр. Қаратөбенің өзінен үй алу үшін әлеуметтік осал тобы санатына ауысуы керек. Қазіргі таңда жолдасы Сембай Убишев осы санатқа ауыстырылды. Бірақ нешінші орында тұрғанын білмеймін. Оны қарау керек,- дейді Нұрбек Ақсұлтанов.

«Орал апталығы» тілшісі Нұрбек Ақсұлтановқа «Сіз үйді Сулыкөл ауылынан ғана бере аламыз деп отырсыз ғой. Дәл қазіргі таңда осы ауылда Марусия Убишеваға беретін дайын тұрған үй бар ма?» деп сұрақ қойған.

Бұл сауалға Нұрбек Ақсұлтанов жауап бермей, телефон тұтқасын қоя салды.

Ал Қаратөбе ауданы әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев Марусия Убишеваны бірнеше рет қабылдағанын, бірақ «қайда барсаң, онда бар!» деген сөзді айтқан жоқпын деп отыр.

Қаратөбе ауданы әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев

– Мұндай сөзді біз айта алмаймыз. Айтуға тиіс те емеспіз. Ол кісі үйді кезектен тыс сұрап тұр. «Маған үйді кезексіз беріңіздер» дейді. Қазір аудан бойынша 360-қа жуық адам бес санат бойынша үй кезегінде тұр. Енді артында тұрған адамды алдына шығарып үй бере алмаймыз ғой. Сондықтан мен ол кісіге барлығын түсіндіріп айттым,- дейді аудан әкімі.

Оның мәліметінше, Марусия Убишева қазір 73 орында тұр. Енді қанша жылдан кейін баспаналы болатыны белгісіз. Өйткені Қаратөбе ауданында осы жылы немесе алдағы уақытта тұрғын үй салу әзірге жоспарда жоқ көрінеді. Осы жылдың қаңтар айының басында 12 тұрғын үйді жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, тұрғын үйі апатты деп танылған адамға, әлеуметтік жағынан осал топтағы адамға, көп балалы отбасына және бюджеттік ұйым қызметкеріне берген. Бұл 12 тұрғын үйді салуға облыстық бюджеттен 86 млн 971мың 235 теңге қаржы жұмсалған.

Есенжол Елекенов

Фото мен бейне Еркебұлан Гапуовтікі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-19
Утром18.23 ℃
Днем25.11 ℃
Вечером27.03 ℃
Ночью19.56 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.72 м/с
2025-07-20
Утром16.14 ℃
Днем29.25 ℃
Вечером32.2 ℃
Ночью23.75 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.2 м/с