Тағы да қымбатшылық: Қазақстанда бағасы күрт өскен тауарлар аталды

Елімізде өткен айда азық-түлік тауарлары – 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% қымбаттады.

фото: ашық дереккөзден

Азық-түлік тауарлары арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтарда қияр – 22,4%, пияз – 16,7%, қызанақ – 8,8%, тәтті бұрыш 6,5% қымбаттады. Бағаның өсуі күрішке – 2,9%, ұнтақ жармасына, жаңа ауланған немесе салқындатылған балыққа – 1,8%-дан, қара бидай-бидай нанына, жұмыртқаға – 1,7%-дан, сұлы жармасына, шошқа етіне, айранға – әрқайсысына 1,6%-дан, сондай-ақ тауықтың төс етіне, сүтке, тұзды iрiмшiкке, жемістерге, ауыз суға да әрқайсысына 1,4%-дан тіркелді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарларға келсек, өткен айда жуу және тазалау құралдарының бағасы ең көп қымбаттаған. Мәселен, өткен аймен салыстырғанда кір жуғыш ұнтақ – 3,9%, ағартқыштар – 3,5%, ыдыс жууға арналған құралдар – 3%, кір сабын 2,7% өсті. Тұрмыстық техника бағасы, керісінше, түсті, мәселен, шаңсорғыш – 1,6%, қысқа толқынды пеш – 1,3%, ас үй плитасы 1,1% арзандады.

Өткен айда ақылы қызметтердің бағасы 0,7% өсті. Бағалардың өсуі нотариус қызметтеріне – 12,6%, күндізгі стационарда емделу – 5,2%, жерлеу бойынша ритуалды қызметке – 4,7%, стоматологиялық қызметтерге 2,5% байқалды. Коммуналдық қызметтер бойынша қоқыс шығару тарифтері – 2,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем – 1%, орталықтан жылыту 0,8% өсті, ал тарифтің төмендеуі – су бұру қызметіне байқалды – 0,2%.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ақтөбе облысында – 1,7% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – 0,7% Алматы облысында тіркелді.

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларына ең жоғары өсім Астана және Шымкент қалаларында – әрқайсысы 2,2%-дан, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша – Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында әрбіреуінде 1,4%-дан, ақылы қызметтер бойынша ең жоғары өсім Ақтөбе облысында – 2,8%.

Мамандардың есептеуінше, 2023 жылғы қаңтарда жылдық мәнде инфляция деңгейі 20,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 25,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,2%, ақылы қызметтер 14,2% өсті.

2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда кір сабын – 88,5%, кеңсе тауарлары – 71,4%, пияз – 62,4%, қант – 60,9%, қияр – 55,6%, консервіленген сүт – 46,4%, ұн – 42,8%, макарон өнімдері 42,3% қымбаттады. Жылдық мәнде, керісінше, ақ қауынды қырыққабат арзандады – 26,5%.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-14
Утром-1.48 ℃
Днем1.23 ℃
Вечером1.55 ℃
Ночью-1.45 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра3.14 м/с
2026-03-15
Утром-4.83 ℃
Днем1.08 ℃
Вечером0.18 ℃
Ночью-2.46 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра3.72 м/с