2023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілі түсіндірді.

Фото ашық көзден

Биыл тариф­тер­дің өсуіне екі фактор әсер етіп отыр. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты.

«Бірін­шісі – электр энергиясын өндіру бағасының өсуі. Бұл стансаларда жаңа қуаттар өндіруге және қолда бар тапшылықты азайтуға мүмкіндік береді. Екінші фактор заңға сәйкес енгізілетін инновацияларға байланысты. Бұл бірінші кезекте инженерлік инфрақұрылымның тозуын азайтуға, табиғи монопо­лиялар сала­сындағы қызмет­керлердің жалақысын арттыруға, иесіз желі­лерге жұмсалатын шы­ғыс­тарды өтеуге қатысты», – деп түсіндірді Нұрлан Болатбаев.

Комитет өкілі қазір желілердің тосу деңгейі артқанын, бұл ұсынылатын коммуналдық қыз­меттердің сапасы мен сенім­ділігіне әсер ететінін атап өтті. Алайда, әзірге тарифтердің белгілі бір өсуі туралы айтуға ертерек екенін жеткізді.

«Өйткені әр­бір жағдай инженерлік инфра­құрылымның техника­лық жағ­дайына және өңірлер­дегі әлеу­меттік-экономикалық жағдайға байланысты жеке қаралатын болады. Сондай-ақ бұл табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін беруге байланысты және біз олардың деңгейінен шығатын боламыз. Өтінімдер біртіндеп келіп түседі және тарифтердің өсуі «Табиғи монополиялар туралы» заң аясында қабылданған жаңалықтарға байланысты болады. Тарифтердің қашан көтерілетіні өтініш беруге байланысты. Десе де, біздің болжам бо­йынша, тарифтердің өсуі энергия өндіруші ұйымдардағы бағаның өсуіне, желілердің тозу деңгейіне, өңірдің қажеттілігіне және табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдеріне байланысты орташа есеппен 10-20 пайызды құрауы мүмкін», – деді ол.

Нұрлан Болатбаевтың айтуынша, тариф­тердің өсуі 2029 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізі­леді. Бұл тарифті бірден 2-3 есе арттыруға жол бермеу үшін қажет.

«Біз тұтыну­шылардың әлеуметтік және экономикалық жағдайына назар аударамыз», – дейді комитет өкілі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

thirteen + nineteen =

x
2023-05-30
Утром23.99 ℃
Днем29.89 ℃
Вечером27.12 ℃
Ночью26.65 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.66 м/с
2023-05-31
Утром22.95 ℃
Днем29.77 ℃
Вечером31.63 ℃
Ночью22.64 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра11.01 м/с