Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесінің датасы өзгереді
Мұғалім күні 5 қазан болып бекітілмек.

Оқу-ағарту министрлігі Ашық НҚА порталында Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын жариялады.
Оған сәйкес, енді Қазақстанда мұғалім күнін қазанның бірінші жексенбісінен нақты 5 қазанға ауыстыру жоспарланып отыр. Қолданыстағы ҚР мерекелік күндердің тізбесінде «Мұғалім күні» кәсіби мерекесі қазан айының бірінші жексенбісіне белгіленген.
Министрліктің түсіндіруінше, бұл өзгерту президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы тапсырмасын орындау мақсатында енгізілмек.
Қаулы жобасы 16 ақпанға дейін жария талқылауға ұсынылған.