Бір сағаттық ескерту ереуілін өткізуге рұқсат беріледі – заң президентке жіберілді

Сенат депутаттары еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібіне өзгеріс енгізу туралы заңды мақұлдады. Оған сәйкес, жұмысшыларға бір сағаттық ескерту ереуілін өткізуге рұқсат беріледі.

«ОА» мұрағатынан

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасовтың айтуынша, ескерту ереуілін еңбек арбитражы кезінде өткізуге рұқсат беріледі. Уақыты – бір сағат. Адам санына да шектеу бар.

«Адам саны 50-ден аспауы керек. Ескерту ереуілі жұмысшылардың талабын тиімді қарастыруға және бәріне ыңғайлы шешім қабылдауға ықпал етуі керек», – деді Сарбасов сенатта өткен брифингте.

Осы орайда вице-министр толыққанды ереуілді өткізу тәртібін түсіндірді.

«Бәрі жұмысшылардың талабынан басталады. Бұл – бірінші кезең. Екі жақ келісімге келмесе, барлық мәселе татуласу комиссиясында қаралады. Оған жұмыс беруші мен жұмысшылардың өкілдері тең дәрежеде кіреді. Татуласу комиссиясында ештеңе шешілмесе, еңбек арбитражы құрылады. Оның құрамына да екі жақтың адамдары, еңбек инспекторы және тағы басқа сарапшылар кіреді. Онда да келісімге келмесе, жұмысшылар ереуіл жариялауға құқылы», – деп атап көрсетті Сарбасов.

Оның айтуынша, бүгін қабылданған заңда арбитражды құру мерзімі екі күнге қысқартылады. Ал шешім шығаруға үш күн беріледі. Сондай-ақ, келісу комиссиясына шағым түсіру тәртібі жан-жақты жазылған.

Жұмыс беруші ереуіл және тағы басқа шараларды өткізу үшін жағдай жасауға міндетті.

Айта кетері, бүгін заң екі оқылымда мақұлданды. Құжат президенттің қол қоюына жіберілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-05-23
Утром12.51 ℃
Днем14.42 ℃
Вечером16.67 ℃
Ночью10.83 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.16 м/с
2024-05-24
Утром6.09 ℃
Днем13.6 ℃
Вечером15.36 ℃
Ночью9.97 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра9.23 м/с