Енді кәсіпкерлер салық есебін Asp Pay қосымшасында тапсыра алады

Kaspi.kz Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп кәсіпкерлер үшін тағы бір онлайн сервисті іске қосты. Енді жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер Kaspi Pay қосымшасындағы «Салық» бөлімінде 910-нысан бойынша салық есебін тапсыра алады.

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Kaspi Pay – қазақстандық кәсіпкерлер үшін Kaspi.kz-тің ең танымал қосымшасы. Басты мақсатымыз – кәсіпкерлердің өмірін жеңілдету әрі жақсарту. Біздің жаңа «Салық есебі» сервисінің көмегімен жеке кәсіпкерлер енді салық есебін онлайн, жылдам әрі оңай тапсыра алады. Командаларымыз бірлесіп әзірлеген тағы бір табысты сервис үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне, сондай-ақ ҰАТ АҚ пен Цифрландыру министрлігіне рақмет айтамыз!».

Азамат Панбаев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:
«Мемлекеттік кірістер комитеті екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтастық аясында Kaspi Pay платформасында шағын бизнес субъектілері үшін 910-нысанды салық есептілігін қабылдау сервисін тегін іске қосты. Бұл сервис салықты есептеуге, есептілікті жасауға және ұсынуға жұмсалатын уақытты үнемдей отырып, салық міндеттемелерін жылдам, қолжетімді, уақтылы орындауға мүмкіндік береді. Бұл бағытта ынтымақтастық қолайлы жағдай жасап, салық төлеушілер мен мемлекеттің арасындағы өзара іс-қимылды жақсарта отырып, жалғасын табады».

Жаңа сервистің көмегімен бухгалтер не кәсіпкердің өзі есепті тура қосымшаның өзінде жасақтай алады және соңғы растау барысында есеп МКК-ге автоматты түрде жіберіледі.

Жақын арада есепті – 2022 жылдың екінші жартыжылдығы үшін – 15 ақпанға дейін тапсыру керек.
Келесі есепті – 2023 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін – 15 тамызға дейін тапсыру керек.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-08
Утром14.14 ℃
Днем27.46 ℃
Вечером29.15 ℃
Ночью22.3 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра3.58 м/с
2025-07-09
Утром20.83 ℃
Днем29.89 ℃
Вечером31.33 ℃
Ночью24.39 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра2.97 м/с