Қазақстанда ата мен әженің немересімен араласу құқығы заңмен бекітілмек

Бұл үшін «Неке және отбасы туралы» ҚР кодексіне жаңа бап енгізіледі.

Фото ашық көзден

Қазақстанда ата-мен әженің немересімен, сондай-ақ баламен оның әпке-бауырлары, өзге де туыстарының қарым-қатынас жасау құқығы енді «Неке және отбасы» кодексінде арнайы баппен айқындалады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында Оқу-ағарту министрлігі жариялаған құжат жобасынан белгілі болды.

Оған сәйкес, «Неке және отбасы» кодексіне жаңа 73-1 бап енгізіледі. Онда «Аталар, әжелер, бауырлар, әпкелер және басқа туыстар баламен араласуға құқылы» деп жазылған.

Бапқа сәйкес, егер ата-ана баланың жақын туыстарына онымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін беруден бас тартса, дауды ҚР Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешеді.

Оқу-ағарту министрлігі заңға мұндай толықтыру енгізу қажеттігін ата-әжелер мен басқа туыстардың баламен қарым-қатынас тәртібін анықтауға байланысты дауларды шешуде қиындықтар туындағанымен түсіндірді.

Құжат жобасы 24 ақпанға дейін жария талқылауға ұсынылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-09
Утром-23.21 ℃
Днем-20.31 ℃
Вечером-19.74 ℃
Ночью-25.23 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра7.43 м/с
2026-03-10
Утром-28.66 ℃
Днем-15.55 ℃
Вечером-10.56 ℃
Ночью-7.62 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра7.3 м/с