Оралда жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды
Оралда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

5 ақпан сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-80 автокөлігіне соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
2003 жылғы Toyota жүргізушісі мен жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен Toyota жүргізушісі мен жолаушысын ауруханаға жеткізгенін хабарлады.
— Жүргізушіге жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, маңдайдың көгерген жарасы диагнозы қойылды. Ол қалалық көпсалалы аурухананың нейрохирургия бөлімінде жатыр. Бұғананың жабық сынуымен қасындағы жолаушы политравма бөлімінде, — деп түсіндірді ведомстводан.
БҚО полиция департаменті сараптама нәтижелері әлі дайын емес екенін атап өтті. Жүргізушінің сау немесе мас болғаны белгісіз. Қан алу апаттан кейін бірден жасалған.
