Журналист Лұқпан Ахмедяров заң талаптарына сай келеді деп танылды

Бүгін, 6 ақпан күні Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаттығына үміткер журналист Лұқпан Ахмедяровтың құжаттарын қарап, заң талаптарына сай келеді деп шешім шығарды.

Комиссия отырысында төраға Ғайса Қапақов Лұқпан Ахмедяров заң талаптарына сай келе ме, жоқ па, қарау үшін құзырлы органдарға сұрау салғандарын айтты.

— Көші-қон басқармасының берген мәліметінде Лұқпан Ахмедяров 10 жыл тіркеуде болған. Яғни ешқандай заң бұзушылық жоқ. Соттылығы да жоқ,-деген Ғайса Қапақов Ахмедяровты сәйкес деп тану үшін дауысқа салды. Комиссия мүшелері оны қолдады.

Ғайса Қапақов Лұқпан Ахмедяровқа тіркелу үшін 18 ақпанға дейін 1 млн 50 мың теңге жарна төлеу қажет екенін және декларация тапсыру керектігін айтып, қазір үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге болмайтынын түсіндірді.

— Біз сізді 18 ақпан кешкі алтыға дейін тіркеуіміз керек. Соған дейін барлық материалдарды тапсыруыңыз қажет. Сосын, сенімді өкілдерін де тіркейсіз. Оған дейін үгіт-насихат жұмысын жүргізуге болмайды, осы айдың 18-нен бастап рұқсат етіледі,-деді Ғайса Қапақов.

Комиссия отырысынан соң «Орал апталығы» тілшісіне пікір білдірген журналист Лұқпан Ахмедяров облыстық сайлау комиссиясы «заң талаптарына сай келмейді» деп тана ма деген күдік-күмән болғанын айтты.

— Шынымды айтсам, таңқалып тұрмын. Әйтеуір, бір себеп тауып, «сәйкес келмейді» деп шешім шығарама деп ойлағым,-дейді Лұқпан Ахмедяров.

Ол мәжіліс депутаттығына не себепті үміткер болғанын үгіт-насихат жұмысына рұқсат етілгеннен кейін ғана ашып айтамын деді.

Бұдан бөлек, сайлау комиссиясының мүшелері мәжіліске тағы бір үміткер Нұрлан Кариннің құжаттарын қарады. Ғайса Қапақов оның үш жыл тіркеуде болмағанын алға тартып, сәйкес келмейді деп тапты.

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының 5 ақпан күні кешкісін Facebook парақшасына жариялаған мәлімет те – мәжіліске – 10, облыстық мәслихатқа – 43, қалалық мәслихатқа – 69, аудандық мәслихатқа – 403 үміткер тіркелгені жазылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-07
Утром-19.61 ℃
Днем-15.57 ℃
Вечером-9.66 ℃
Ночью-10.87 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.64 м/с
2026-02-08
Утром-7.5 ℃
Днем-4.99 ℃
Вечером-7.34 ℃
Ночью-5.07 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра5.31 м/с