Қазақстан балалары құқығы бұзылған жағдайда БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне шағым түсіре алады

Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин Қазақстан атынан Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттамаға қол қойды.

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтының жазуынша, Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылғы желтоқсанда қабылдаған және 2012 жылғы 28 ақпанда қол қою үшін ашылған осы адам құқықтары саласындағы маңызды халықаралық шартқа қол қойған 53-мемлекет болды.

Құжат БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне (бала құқықтары саласындағы 18 тәуелсіз сарапшылар тобы) БҰҰ-ның бала құқықтары бойынша үш негізгі құжаттарымен (Бала құқықтары туралы конвенция және оның екі Факультативтік хаттамалары – балаларды қарулы қақтығыстарға тарту және балаларды сату, балалар жезөкшелігі және балалар порнографиясы туралы) көзделген бала құқықтарының бұзылуы туралы шағымдарды қабылдау және қарау өкілеттігін береді.

«3-факультативтік хаттамаға сәйкес, балалар немесе олардың өкілдері БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне өз құқықтарының бұзылуы туралы тікелей шағым бере алады. Комитет, өз кезегінде, әрбір істі қарап, қатысушы мемлекеттерге нақты ұсыныстар баяндалған шешімдер қабылдайды».ҚР Сыртқы істер министрлігі

Құжат Қазақстан Республикасы үшін оны Парламент ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-13
Утром-11.25 ℃
Днем-7.59 ℃
Вечером-8.77 ℃
Ночью-11 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра2.46 м/с
2025-02-14
Утром-12.15 ℃
Днем-4.98 ℃
Вечером-8.41 ℃
Ночью-10.67 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра3.85 м/с