Еңбек министрлігі 12 мың қазақстандыққа SMS-хабарлама жібереді: не істеу қажет

13 ақпаннан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз жүрген 12 мың жас азаматқа SMS жолдайды.

Көрнекі сурет

Министрліктің халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов хабарлама не үшін жіберілетінін түсіндірді.

Министрліктің ақпаратынша, SMS жұмыспен қамтылмаған 23 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтарға жіберіледі. Хабарлама 13 ақпаннан бастап жолданады. SMS 1414 нөмірінен келеді.

«Бұрын біз жұмыссыз жүрген азаматтардың өздері өтініш жібергенін күтіп отыратын едік. Енді біз олардың телефонына өзіміз СМС жібереміз. Хабарламада еңбек министрлігі әлгі азаматқа жұмыс іздеу мүмкіндігін пайдалануды, тегін оқудан өтуді, немесе жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алуды ұсынады. Қосымша ақпарат қажет болса, хабарламада тұрған сілтемені басуға болады. Сілтемеге өткен адам қандай бос жұмыс орындары бар, біліктілікті арттыру курстарына қалай баруға болады деген сияқты сұрақтарға жауап алады. Немесе 1414 нөміріне қоңырау шалуға болады», – деп түсіндірді Ниязов БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде.

Айтуынша, министрлік жұмыссыз жастарды 8 әлеуметтік топ бойынша іріктеп алған. Әр жас тобы бойынша 1 000 SMS-хабарлама жіберу жоспарланып отыр.

«Бұл біздің алғашқы пилоттық жобамыз. Сол себепті 12 мың хабарламамен шектеліп қалмаймыз. Бұдан кейінгі кезеңдерде біз SMS санын ұлғайтамыз», – деді департамент директоры.

Ниязовтың айтуынша, қазір республика бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші – 3,8 процент немесе 80 мың адам. Олардың көбі Түркістан, Жамбыл облыстары, Алматы қаласы.

SMS-хабарлама жіберу арқылы министрлік халықпен кері байланыс орнатуды көздеп отыр. Өйткені жұмыссыздар арасында өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған, бірақ зейнетақы жарнасын, әлеуметтік аударымдарды төлемейтін азаматтар болуы мүмкін. Яғни хабарлама жолдау арқылы осы санаттағы азаматтардың қазіргі статусы да анықталады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-06
Утром-8.96 ℃
Днем-5.49 ℃
Вечером-4.5 ℃
Ночью-7.58 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра6.35 м/с
2025-02-07
Утром-10.59 ℃
Днем-7.78 ℃
Вечером-9.59 ℃
Ночью-10.68 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра5.6 м/с