Каспий жағалауында итбалықтардың жаппай қырылу себебі анықталды

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті өткен жылы Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылуына не себеп болғанын мәлім етті.

Ашық көзден

2022 жылғы 7 қарашадан 3 желтоқсанға дейінгі кезеңде Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында, Каспий теңізінің жағалауында рейдтік іс-шаралар барысында 172 итбалықтың ұшасы табылған.

«Ғылыми ұйымдар мен құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы сараптама нәтижесі бойынша 2022 жылғы қарашада табылған Каспий итбалықтарының көптеген дарағының қырылуының негізгі себебі теңіздің қазақстандық бөлігінде жануарлардың күзгі шоғырлануы кезеңінде аралас тұмау және морбилливирусты инфекцияның өршуі салдарынан вируспен байланысты пневмония деген қорытындыға келді», – делінген ведомствоның Facebook-парақшасында жарияланған хабарламада.

Мамандардың сөзінше, теңіз жануарларының иммунотоксикалық элементтермен және қосылыстармен созылмалы улануы олардың иммунитетінің төмендеуіне және ағзаның жалпы төзімділігіне байланысты жұқпалы ауруларға сезімталдығының жоғарылауына ықпал етеді.

«Осылайша, 2022 жылдың қарашасында табылған Каспий итбалықтарының қырылу себебі – иммунитеттің әлсіреуінен туындаған вирусты инфекциялардың өршуінен пайда болған пневмония. Иммунитеттің төмендеу себебінің бірі – жануарлардың тіршілік ету ортасының ластануы», – дейді комитеттегілер.

Оқи отырыңыз: Каспийде итбалықтар қырылып жатыр ма? Министрлік түсінік берді

Каспийде итбалықтар қырылып жатыр ма? Министрлік түсінік берді

Каспий теңізінің тартылуы әлемдік экономикаға кері әсер етуде

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-20
Утром16.29 ℃
Днем31.05 ℃
Вечером33.68 ℃
Ночью28.09 ℃
Влажность19 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.22 м/с
2025-07-21
Утром23.66 ℃
Днем36.59 ℃
Вечером31.1 ℃
Ночью27.21 ℃
Влажность17 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.94 м/с