БҚО-да ауыл тұрғындары жеті күн сусыз қалған. Әкім мұны жоққа шығарды

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Теректі ауылының тұрғындары 30 қаңтардан бастап сусыз қалған. Оған себеп – екі су құбыры жарылған. Тұрғындар тұрмыстық қажеттілікке суды дүкеннен сатып алуға мәжбүр болғандарын айтады. Олар мұндай жағдай жыл сайын қайталанатынын, әкімдік тарапынан қайран болмай, мәселені дер кезінде шеше алмай отыр дейді.

Жиналыстағы тұрғындар

Бұл мәселені айту үшін тұрғындар Теректі ауылындағы Достық үйіне жиналды. Олардың алдына аудан әкімі бастаған бірқатар шенеуніктің өздері келді.

– Мен екі қабатты үйде тұрамын. Жеті күн бойы бір тамшы су болған жоқ. Тіпті әжетханаға су жіберу үшін дүкеннен сатып алуға тура келді. Үнемі сатып ала беруге қалтамыз көтермейді. Көшеден алайын десең, орнатылған калонка жоқ. Осы ауылда тұрып жатқаныма 17 жылдай уақыт болды, содан бері көріп келе жатқанымыз осы.Жаз айларында да су болмайды. Сосын, суды ішпек түгілі, киім жууға жарамайды, өте лас,-дейді ауыл тұрғыны Мәншүк Молдағалиева.

Жиында Теректі ауылының тағы бір тұрғыны Эдуард Недавний әкімдіктің үш жылдан бері су сорғысын сатып алмағандарын алға тартып, «Теректі – таза су» ЖШС есепшісінің 60 млн теңге ақша жымқырғанын айтты.

-«Теректі – таза су» басшысы бізге су сорғысын сатып алуға ақша жоқ деп келді. Енді есепшінің жемқорлық әрекетін ол қалай білмей қалған?,-деді Эдуард.

Оның сөзін Теректі ауданы әкімі Тілек Ғабдушев бөліп, толық айтуға мүмкіндік бермеді.

– Эдуард, біз қазір заң бұзып тұрмыз. Бұған қатысты қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мен де, сіз де, бұл жағдайға қандай да бір пікір білдіруге қақымыз жоқ,- деді Тілек Ғабдушев.

Теректі ауданы әкімі Тілек Ғабдушев

Ол тұрғындарға не себепті су болмай қалғанына қатысты түсіндіріп бағуға тырысты. Айтуынша, он күн бұрын су құбыры жарылып, резервуарларда жиналған судың барлығы төгіліп қалған.

-Енді қазір резервуарларға су жинай алмай жатырмыз. Судың деңгейі түсіп кеткен. Осы себепті су болмай отыр.Тұрғындар тәулігіне 500-600 текше метр (куб – ред) су пайдаланады. Қазіргі таңда алты су сорғысы  бар, соның біреуі –жазда, қалған бесеуі – жыл бойы жұмыс жасайды. Жақында соның біреуі істен шыққасын, бір су сорғысын тапқанбыз, бірақ сәйкес келмеді. Өйткені бізде тұрған сорғы 100 текше метірлік, ал тапқанымыз 160текше метр. Өкінішке қарай Қазақстан бойынша 100 текше метірлік су сорғысын таба алмай отырмыз. Бір апта немесе он күн ішінде тауып, қоюға тырысамыз,-деді Тілек Ғабдушев.

Шенеуніктің бұл жауабына Қайрат Есқалиев есімді ауыл тұрғыны:«Сіздер келесіздер, айтасыздар, бірақ нәтиже жоқ.Он күн бойы сатып ала алмай жатқан, Қазақстанда жоқ су сорғыларыңыз қашан қойылады? Біз қашан суды үздіксіз пайдалана аламыз?»деп сұрады.

Бұл сауалға Тілек Ғабдушев су сорғысын сатып әкеліп беретін адамдардан ұсыныс қабылдап жатқандарын ғана айтумен шектелді.

Өзге тұрғындар да осы сарында пікір білдірді, олар аудан әкімінен бұл мәселені тезірек шешіп береуін сұрады. Жиынға кішкентай баласын ертіп келген ауыл тұрғыны Нұрзада Ихсанова үйінде сумен қоса, жылу жоқ екенін айтып көзіне жас алды.

-Балам қазір аурып отыр. Екі апта болды газ жоқ. Үйде 70-тен асқан анам бар. Қазір үйге барып қараңызшы? Кеше ауыл тұрғындары екі жылу пешін әкеліп берді, оны күн сайын қосқасын жарықтың коммуналдық төлемі баразға шығады ғой, мен оны қалай төлеймін,-деді жылап жағдайын жеткізген Нұрзада Ихсанова.

Теректі ауылдық округінің әкімі Әсет Әубәкіров Нұрзаданың жағдайынан хабардар екенін айтты. Ол жылудың жоғы су болмағандықтан деді. Аудан әкімі Тілек Ғабдушев жиыннан соң Нұрзаданың үйіне барып, жағдайды көруге уәде етті.

«Орал апталығы» тілшісі Тілек Ғабдушевтан ауылда қанша тұрғын бар екенін, қанша абонент сусыз қалғанын сұрады.

– Ауылда 5200 тұрғын бар. Бірақ ешқандай абонент сусыз қалып отырған жоқ. Бұл қате ақпарат. Біз суды әзірге кестемен беріп отырмыз,-деп жауап берген Тілек Ғабдушевтұрғындардың жеті күн бойы сусыз қалғанынтеріске шығарды.

Оның сөзінше, су таңғы алтыдан тоғызға дейін, түскі он екіден екіге дейін және кешкі жетіден бастап, онға дейін берілетін көрінеді.

  • Суды кестемен беріп отырған тек біз емес, барлық аудандарда осылай. Жайық өзенінің тартылуына байланысты ма, әйтеуір бір мәселелерге орай су азаюда. Сондықтан қайткенде де біз суды үнемдеп пайдалануымыз қажет,-деді Тілек Ғабдушев.  

Ол алты су сорғысын сатып алуға аудандық бюджеттен 4 млн 332 мың теңге қаржы бөлінгенін айтады. Шенеунік суды Теректі ауылынан 12 шақырым жерден тартып отырғандарын жеткізді.

-Қабылтөбе деген ауыл бар, соның қасында су қоры бар. Суды содан тартып отырмыз. Ал осы ауылға жақын жерде су жоқ. Су бар, бірақ қоры аз. Ауыл тұрғындары Долин, Богдановка ауылдарынан неге тартпайсыздар дейді. Ол жердің су қоры аз, тек өздеріне ғана жетеді. Егер бұл ауылдардан тартатын болсақ, олар да, біз де сусыз қаламыз,-дейді аудан әкімі.

«Теректі – таза су» ЖШС басшысы Руслан Ғалиевекі-үш күннің ішінде тұрғындарға үздіксіз су беріледі деп отыр.

-Резервуарларға су толтырып жатырмыз. Қазір  250 текше метр су бар. 300-ге толғасын су күні-түні беріледі,-деді қысқа пікір білдірген Руслан Ғалиев.

Руслан Ғалиев пен аудан әкімі Тілек Ғабдушевтың пікірі қарама-қайшы. Себебі басында Тілек Ғабдушев ауыл тұрғындары тәулігіне 500-600 текше метр су пайдаланатынын айтқан болатын. Ал Руслан Ғалиев болса, 300 текше метрге жеткесін су үздіксіз беріледі деп сендіріп отыр.

Есенжол Елекенов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

four × 3 =

x
2024-03-03
Утром-15.77 ℃
Днем-10.78 ℃
Вечером-8.88 ℃
Ночью-14.52 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра3.06 м/с
2024-03-04
Утром-16.94 ℃
Днем-7.26 ℃
Вечером-9.28 ℃
Ночью-13.99 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра2.1 м/с