«Балта мен пышақ әкелген»: СҚО-да мектепте оқушыларға шабуыл жасалды

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы 13 ақпан күні сағат 7.50-де Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің 9-сынып оқушысы сабаққа балта мен пышақ әкеліп, балаларды жарақаттағанын растады. Ол екі ұл мен бір қыз балаға жарақат салған. Зардап шеккендер тоғызыншы және оныншы сыныптарда оқыған.

Оқиға орнында түсірілген сурет

Қазіргі уақытта екі жасөспірім басы мен білегінен пышақ жарақатымен балалар ауруханасында жатыр, үшіншісі оқиға орнында медициналық көмек алған. Мектепте тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті мектеп оқушыларына шабуыл жасады деген күдікпен жасөспірімнің ұсталғанын мәлімдеді.

«Полицейлер кәмелетке толмаған Д.-ны ұстады, бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы 14-тармағы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол психиатриялық есепте тұрған. Сотқа дейінгі тергеу аясында жасөспірім мен мектеп әкімшілігінің әрекетіне құқықтық баға беріледі», — делінген полиция ақпаратында.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем21.45 ℃
Вечером15.03 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.27 м/с
2026-10-15
Утром14.43 ℃
Днем21.44 ℃
Вечером16.26 ℃
Ночью13.64 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.53 м/с