Полиция редакция алдында митинг өткізгендерді «таба алмай» жатыр
Өткен аптаның жұма күні «Орал апталығы» редакциясының алдында белгісіз біреулер Ресейді қолдап, митинг өткізген болатын. Бұл жағдайға үш күнге жуық уақыт өтсе де, полиция әлі олардың кім екенін «анықтай алмай» жатыр.

«Орал апталығы» тілшісі осы оқиға бойынша түсініктеме алған, өзін Ақылбек деп таныстырған полиция қызметкеріне хабарласып, митинг өткізгендерді тапқан-таппағандарын сұрады.
— Олардың кім екені әлі анықталған жоқ. Біз материалды полиция департаментіне жібердік, митинг бойынша солар айналысады ғой. Департаментке хабарласып білсеңіздер болады, бірақ оларда таппаған сияқты,-деді полиция қызметкері Ақылбек.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі «Орал апталығы» тілшісінің: «Митинг өткізген адамдар табылды ма? Табылса, оларға қандай да бір шара қолданылды ма? Олардың аты-жөні анықталды ма?» деген сауалын жауапсыз қалдырды.
