Мектеп оқушылары биыл қорытынды емтиханды 2-19 маусымда тапсырады

9-сынып оқушылары – төрт емтихан, ал 11-сынып оқушылары бес емтихан тапсыруы тиіс.

Фото ашық көзден

Ашық НҚА порталында 2022-2023 оқу жылының аяқталу және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы бұйрық жобасы жарияланды. Жобаға сәйкес, барлық мектепте сабақтар 2023 жылғы 31 мамырда аяқталады. 

Бітіру емтихандары:

  • 9 (10) сыныптарда қорытынды бітіру емтихандары – 2-13 маусым аралығында;
  • 11 (12) сыныптарда мемлекеттік бітіру емтихандары – 5-19 маусым аралығында өтеді.

9 (10)-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау мерзімі:

  • ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2023 жылғы 2 маусым;
  • математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2023 жылғы 6 маусым;
  • орыс/ өзбек/ ұйғыр/ тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым;
  • таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 13 маусым;

11 (12) сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау мерзімі:

  • ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусым;
  • алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 маусым;
  • Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;
  • орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;
  • таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 19 маусым. 

Бұйрық жобасы мектептерде 2022-2023 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау, 9 (10), 11 (12) сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауды ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында әзірленді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-27
Утром1.16 ℃
Днем10.8 ℃
Вечером10.24 ℃
Ночью5.67 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра4.74 м/с
2025-03-28
Утром1.95 ℃
Днем9.54 ℃
Вечером10.69 ℃
Ночью6.29 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.17 м/с