Балаларды ұрған жаттықтырушы қызметінен кетті
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы балалар және жасөспірмдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Қайсар Құсайынов қызметінен кетті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллин айтты.

Оның сөзінше, Қайсар Құсайынов жұмыстан «өз еркімен» кетуге өтініш берген.
— Ол кісі қызметінен өз еркімен кетті. Осы жағдай орын алғаннан кейін өзі жұмыстан кетуге шешім шығарған. Қызметінен кеткесін тергеп-тексеру жүргізілген жоқ, тек мұндай әрекетке не үшін барғаны жөнінде түсініктеме алдық. Енді оның жасөспірімдерге жасаған әрекеті мүлдем ақтап алуға келмейді, әр бапкер әдеп нормаларын сақтап, күш қолданбауы тиіс. Біз осындай жағдайды болдырмас үшін алдағы аптада барлық бапкерлерді жинапжиын өткіземіз,-дейді Жеңіс Нығметуллин.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Қайсар Құсайыновтың үстінен қозғалған (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2 бабы 1-бөлігі бойынша) істіаудандық сот медиация тәртібімен қысқартуға қаулы шығарғанын айтты.
Айта кетейік, осыған дейін Қайсар Құсайыновтың екі баланы басқа бапкерге ауысып кеткені үшін соққаны жөнінде жазған болатынбыз.
